Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтөбеде кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді

Ақтөбеде кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді

Ақтөбеде «Арманыңа қол жеткіз» атты жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобаның нәтижесі қорытындыланды. 16 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жоба жеңімпаздарымен кездесіп, болашақ кәсіпкерлердің бастамаларына сәттілік тіледі.

«Әлемдік нарықта үлкен жетістіктерге жеткен іскер азаматтардың көбісі өздеріңдей жас күнінде және өте қарапайым жағдайда өз істерін бастаған. Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Джек Ма, барлығы да шағын ғана істен бастап, соны дамыта келе үлкен нәтижеге жеткен жандар. Өзіміздің жерлестерімізді алсақ та, үлкен шаруаларды дөңгелетіп отырған кәсіпкер азаматтарымыз жетерлік. Жастардың қуаты-білімі мен білігінде. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, уақыттарыңызды ізденісте болуға, шеберліктеріңізді шыңдауға тиімді пайдалану керек. Себебі, бизнес әлемі де үлкен ғылым. Түрлі заңдылықтары бар. Білімдеріңізді неғұрлым тез, әрі толық игерсеңіздер, соғұрлым сіздердің істеріңіз нәтижелі болып, елге, жерге пайда келтіресіздер»,- деді өңір басшысы О.Оразалин.

Алғаш рет ұйымдастырылған жобаға қала, аудандардан 78 өтініш түскен. Менторлар мен кәсіпкерлер, депутататтардан құралған комиссия мүшелері «Ауылды көркейту», «Мәдениет және бос уақытты тиімді пайдалану», «Отбасылық құндылықтар және дәстүр», «Білім беру кіші жобалары», «Салауатты өмір салтын дамыту», «Экология және абаттандыру» , «Туризм» бағыттары бойынша ең озық әрі сұранысқа ие 16 жобаны мақұлдады. Нәтижесінде Ақтөбе қаласынан-5, Байғанин ауданынан-4, Хромтау-2, Қобда-1, Мұғалжар-1, Әйтеке би-1, Темір-1, Мәртөк ауданынан-1 қатысушыға 1 - 2 млн теңге аралығында қаржылай сертификат табысталды.

Жобалар арасында ұлттық нақышта дәстүрлі бұйым өндіру, мал шаруашылығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балаларға ақысыз қызмет көрсету, энергетикалық сусындар өндіру, «Эко-бұйымдар» өнімін шығару, ішкі туризмді дамытып, өңіріміздің киелі жерлеріне туристтік маршрут ұйымдастыру сынды жобалар озық деп танылған.


Дереккөз: inform.kz