Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 25.09.2020

Қорытынды жаңалықтар 25.09.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты пікір білдірді. «Бірнеше күн бұрын Қазақстан өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын Екінші факультативті хаттамаға қосылды. Бұл, Конституцияға толығымен сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізуді қажет етпейді. Себебі, өлім жазасына кезінде ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған мараториймен тыйым салынған. Сондықтан өлім жазасы біздің елімізде жоқ. Конституцияда белгіленген екі жағдай ғана бар және ол толығымен Факультативті хаттамаға сәйкес келеді», - деді Мемлекет басшысы. 

***

Бүгін Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Мемлекет басшысы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалында болып, 500 адамға стационарлық медициналық жәрдем беруге арналған және заманауи құрылғылармен жабдықталған палаталарды аралап көрді. Президент медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық мекемелерді қажетті құрылғылармен жабдықтау, төсек-орын мен инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысын арттыру мәселелеріне тоқталды. «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бүкіл экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндеті қойылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер шығаратын зауыт - «КСМ Техновид» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді.

***

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады. Онда бүгінгі таңдағы ақпарат саласындағы оң өзгерістер, жастарды тұрғын үймен қамтуға қатысты және басқа да қоғамдағы маңызды мәселелер сөз болды. Бейне байланыс кезінде министрге журналистердің жұмысына қатысты, ақпарат саласы төңірегіндегі бірқатар мәселелер айтылып, журнал басылымының даму жұмыстары талқыланды. 

***

25 қыркүйекте жасалған мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жетті. 102 360 науқас жазылып шықты. 3 515 адам ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. 

***

Еліміздің екі облысының білім ордаларында кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топта коронавирус инфекциясы анықталды. Індетті барлыңы - 16 бала жұқтырды. Оқу ордаларының бәрі де карантинге жабылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

***

Шымкентте карантин шаралары 12 қазанға дейін ұзартылады. Қаулыға Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қол қойды. Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу,туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі. Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі.

***

«Коронавирус пандемиясы бизнестің барлық дерлік салаларына әсер етті. Пандемия кезеңінде қызмет көрсету саласы айтарлықтай зардап шекті, бұл салада экономикада жұмыспен қамтылғандардың 66%-ы жұмыс істейді». Бұл туралы «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бизнестің жағдайы және ШОБ саласындағы дағдарысқа қарсы ұсынылған шаралар туралы» брифингі кезінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Сонымен ұатар ол кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін де тілге тиек етті.

***

СҚО-нда құс тұмауы 11 ауданның 39елдімекенінде тіркелді. Салдарынан 164 мыңнан астам үй құсы қырылды. Соның 14 мыңнан астамы - жеке аулаларда, қалған 150 мыңға жуығы - «Бескөл құс фабрикасында» өлген. «Облыстың 8 ауданындағы 18 елдімекен карантинге жабылды. 13 елдімекен бойынша патологиялық материалға зертханалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл ауылдарда құс тұмауы расталса, олар да карантинге жабылады», - дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

***

Лицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшылары ақшасын "Еуразиялық банкінен ала алады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры агент банк ретінде "Еуразиялық банкті" таңдап отыр. Қордың қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемді "Tengri Bank" салымшыларына осы банк төлейді. Кепілдік берілген өтем төлеуге өтініштер 30 қыркүйектен бастап қабылданады.

***

Қазгидромет 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіні кей жерлерінде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, қатты жел соғады, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл көтеріледі.