Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бауыржан Шөкенов: Кинодан тәрбие іздеудің қажеті жоқ

Бауыржан Шөкенов: Кинодан тәрбие іздеудің қажеті жоқ

Қазақ радиосының «FILMFAN» хабарына «Арман» кинотеатрлар желісінің Бас директоры, дистрибьютор Бауыржан Шөкенов және «Қазақфильм» АҚ Анимациялық бірлестігінің жетекшісі, анимация режиссері Адай Әбілдинов тікелей байланысқа шығып, қазақ киносы, еліміздегі кино өндірісі, кинотеатрлар мен питчинг жайында сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.

  • Пандемия кезінде кинотеатрлар жұмысын тоқтатты. "Еліміздегі кинотеатрлар жылына 20 миллиардтай теңге пайда түсіретін, енді шығынға батады", - деп едіңіз бір сұхбатта. "АРМАН" кинотеатрлар желісінде істейтін 300 шақты қызметкерлер қазір айлық алып отыр ма, жоқ па? Мемлекет тарапынан көмек бар ма?
  • Онлайн кинотеатр ұйымдастыру жағын ойластырмадыңыздар ма?
  • Кинопрокатшылар ҚР премьер-министріне кинозалдарда бір орын бос тастап, кино көрсетуге рұқсат сұрап хат жазған. Бірақ коронавирус жұғу қаупі үшін, сауда үйлеріндегі кинотеатрларға рұқсат етілмеді. Ал өз алдына жеке ғимараты бар кинотеатрлар жұмыс істеді ме?
  • Сіз "Эксклюзив" сайтына берген сұхбатыңызда: "Біздің өз дистрибуциямыз жоқ. Не көрсететініміз Ресейге байланысты", - деп едіңіз. Бұл мәселені шешудің жолы бар ма? Әрекеттер жасалып жатыр ма?
  • Ұлттық кино орталығы ұйымдастырып жүрген питчингке әділ, ашық өтіп жүр ме?  
  • Халықтың сұранысы коммерциялық фильмде дейміз. Жалпы сұранысқа жұмыс істеген дұрыс па? Киноның тағы бір функциясы ағартушылық, тәрбиелік десек? 
  • Адай мырза, сіз "Қазақфильмдегі" анимация бөлімін басқарасыз. Ол жерде Құсман аға сынды Әмен Қайдаровтың төл шәкірттері істейді. Анимациялық фильм түсіруде әр дәуірдің өз техникасы, шеберлігі бар. Алдыңғы буын мен қазіргі буын режиссер-мультипликаторлардың арасында байланыс бар ма? Аға буынның жастарға көңілі тола ма?
  • Бір сөзіңізде "Біз қазақ анимациясын әлемге танытып жатырмыз" дедіңіз. "Мұзбалақ", "Күлтегін" бастамасы десек, енді қандай жобалармен көрерменді қуанту ойда бар?
  • Әріптесіңіз Батыржан Сейдомар 2018 жылы Қазақ әдебиетіне берген сұхбатында "Жалпы анимациялық фильм 28 жыл ішінде дами бастады. Бірақ өте көп қаражатты талап ететіндіктен, мұны әрбір адам жасай алмайды", - деген болатын. Сөзін аңдасақ, анимацияның дамуы 1990 жылдан бері екен. Әмен Қайдар атамыздың еңбегі қайда қалды? Одан бөлек, мол қаражат талап етеді дейді. Осы кездегі нарықтағы толықметражды анимациялық фильмнің бағасын айта аласыз ба?
  • Қытай, Жапония, Франция, Германия сынды алпауыт елдер анимация саласына стратегиялық, идеологиялық тұрғыдан қарап, дамытуға барынша күш салуда. Біздің елімізде бұл жағы қалай? Аниматорлар қауымдастығын мемлекетіміз қаншалықты қолдауда?
  • «Том мен Джерри», «Спанч Боб» сынды мультфильмдер біздің бүлдіршіндерге әбден таныс. Сіз болсаңыз "Бұл мультфильмді балаларға көрсетуге шектеу қою қажет", - дейсіз. Сонда не көреді? 

Эфир қонақтары осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.