Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нарынқол және Ұйғыр аудандарында халықтық театр ашылады

Нарынқол және Ұйғыр аудандарында халықтық театр ашылады

Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа студенттер үйінің құрылысы басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Жатақхана 2361 орынға есептелген. «Ауданы 45 мың шаршы метр жатақхана бес қабаттан, үш блоктан тұрады. Ол Ахмет Байтұрсынұлы мен Кенен Әзірбаев көшелерінің қиылысында салынып жатыр. Жатақхана аумағында тамақтану орындары, демалыс орталықтары, спорт залдар мен алаңдар, дүкендер және т.б. болады. Оқу орны өкілдерінің айтуынша, бұл жоба университет тарихындағы ең ауқымды жоба болады және студенттер арасында жатақханалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешеді.

***

Алматы облысының Нарынқол және Ұйғыр аудандарында халықтық театр ашылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нарынқолдағы ұжымның өнерін қазан айының соңында тамашалау жоспарланған. Ондағылар 15 штат сұрап отыр. Сол сияқты Ұйғыр ауданындағылар да осындай жоспарларын жеткізуде. Бірақ жыл соңы болғандықтан оған бюджет қарастырылмаған. Бірақ жыл басында қаражатты халықтық театрға қарастырамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.

***

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты ауылдарда үй құстарының қырылуы тоқтады, деп хабарлайды «Хабар 24». Республикалық эпизоотикалық жасақтар бүгін Изенді, Тассуат, Жараспай ауылдарындағы құстарды толығымен жояды. Енді арнайы құрылған комиссия қырылған және жойылған құс басын есептеп, өтемақы төлеу жолын қарастыра бастайды. Бір тауықтың құны Нұра ауданында статистикаға сай 946 теңге, қаз 5 мың, үйрек 3,5 мың теңге шамасында. Бүгінгі күні 80 мың құсқа екпе салынған, карантин жарияланған ауылдарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

***

Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы IBF белбеуін өзінде қалдыру үшін АҚШ чемпионына қарсы айқасуы керек. Ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий америкалық Стив Вукошамен жұдырықтасады. Он раундқа жоспарланып отырған бұл кездесу 17 қазан күні Дюссельдорф қаласында өтеді. Бұл кездесуде Кособцукий чемпиондық атағын бірінші рет қорғайды. 31 жастағы қазақстандық соңғы кездесуін Агрон Смакичиге қарсы өткізіп, IBO белбеуін жеңіп алған еді. 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Алдағы кездесу IBF ұйымының Еуропа чемпионы деген атағы сарапқа салынады.

***

Ағылшындық «Тоттенхэм» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. Жозе Мауринью шәкірттері Израильдің «Маккабиімен» кездесіп, 7:2 есебімен жеңді. Еске сала кетейік, «Маккаби» іріктеу кезеңдерінің бірінде Алматының «Қайратынан» басым түскен болатын. Ал ел чемпионатында «Астанадан» бақ тайған секілді. Еуропа турнирлерінен жолы болмаған клуб Ақтаудың «Каспийінен» ұтылды.