Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде кинофестивальдер қаржыландырылмайды

Елімізде кинофестивальдер қаржыландырылмайды

Ұлттық киноны қолдау орталығы қазақстандық кинематографистерге халықаралық кино сарапшы Алессандра Пасторенің қатысуымен 14-15 қазан күндері уоркшоп өткізеді. Алессандра Пасторенің аталған уоркшоп туралы, оған кімдер қатыса алады, мақсаты және қазақ киносына қатысты пікірі эфир барысында берілді.

Қазақ радиосының «FILMFAN» хабарына кинотанушы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, киносыншы Ержан Жұмабек және кинорежиссер Рақымжан Қалдыкөз тікелей байланысқа шығып, бүгінгі отандық және халықаралық кинофестивальдердің маңызы мен ерекшелігі жайында сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.

  • Өзбександа өткен халықаралық кинофестивальде сарапшылар қатарында болдыңыз. Сүйменқұл Чокморовтың 80 жылдығына орай қырғыз бауырларымыз ұйымдастырған «Үміт» форумына қатыстыңыз. Көршілес елдер мен қазақ кинематографиясынан айырмашылығы қандай?
  • Биыл екінші рет қазан айының соңында өтетін республикалық кинофестиваль Shymkent Film Festival жайында не айтасыз? 
  • Фильмфестивальдерге көрермендер аз барады. Себебі неде деп ойлайыз? 
  • «Құйын» дебюттік фильміңіз Түркияда өткен «7 VILAYET KISA FILM» 7-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болды. Бұған дейін тек қысқаметражды фиьмдер түсірген екенсіз. Демек «Құйын» дебюттік толықметражды фильміңізге толыққанды дайындықпен келдіңіз ғой?  
  • Бұның алдында да түрік елінде, Татарстан, Қырғызстан және біздің елімізде жүлдегер атандыңыз. Осы кинофестивальдерді салыстырып өтсеңіз.
  • Қысқаметражды фильмдеріңіз: «Аспан», «Бөрілер», «Өткел», «Шыңырау». Тақырыптарыңыздың бәрі табиғат, тылсым дүниеге жақын екен. Неге? Өзіңізге осындай тақырып жақын-ау деймін.
  • «Q елі», «Шімән апа хикаялары» ситкомын түсірдіңіз. Негізі авторлық кино түсірушілер бұндай арзанқол дүниелерге жоламаушы еді. Не себепті келістіңіз? Әлде осындай жобалар арқылы қаражат жинап, авторлық кино түсіресіз бе?
  • «Шыңырау» қысқаметражды фильмі Байқоныр Республикалық фестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясында жеңімпаз атаныпты. Ержан мырза, Рақымжанның шығармашылығы жайында не айтасыз?
  • 1-2 минуттық қысқаметрлі фильмнің өзіне қаражат керек. Қаражатты өз қалтаңыздан шығарасыз ба, әлде демеушілер тартасыз ба?
  • Жыл сайын Орта Азия халықтары үшін АҚШ миссиясының 48 сағатта фильм түсіру конкурсы жарияланады. Жалпы осындай қысқа мерзімде фильм түсіруге қалай қарайсыз? Шеберлік осылай шыңдала ма сонда?

Эфир қонақтары осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.