Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еуропада Covid-19 жұқтырғандар саны артты

Еуропада Covid-19 жұқтырғандар саны артты

Коронавирус індетінің екінші толқыны алғашқысынан ауқымды болуы мүмкін.

Францияда кеше бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 16 мыңға жетті. Бұл одан бір күнгі бұрынғы көрсеткіштен 6 мыңға көп ( екі күндегі 27 мың жұқтыру көрсеткіші Франция үшін жаңа рекорд). Елде жалпы 730 мың коронавирус жұққан адам тіркелген.

Осы аптада қатерлі деңгейде деп белгіленген қалалар қатарына Лион, Лилль, Гренобль, Сент-Этьен кірді. Одан бұрын қауіпті аймақтар қатарына Париж, Экс-Марсель мен Гваделупа аралы жатқызылған еді.

Италияда да індетті жұқтырғандар қатары артты. Онда соңғы уақытқа шейін жағдай біршама тыныш болатын. Кеше елді 5,5 мың жаңа жұқтыру дерегі тіркелді. Індет кезінде Италияда 350 мың адам коронавирус жұқтырған.

Ұлыбританияда жексенбі күні 13 мыңға жуық жағдай анықталды. Коронавирус жұқтырғандар қатары 600 мыңнан асып кетті.

Дүйсенбіде елдің Борис Джонсон жаңа карантин шектеулерін жария етуі мүмкін. Оның ішінде Англия қалаларындағы паб, мейрамханаларды уақытша жабу да бар.



Дереккөз: inform.kz