Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Аида Балаева «Қызыл қар» романының тұсаукесеріне қатысты

Аида Балаева «Қызыл қар» романының тұсаукесеріне қатысты

Бүгін Алматы қаласында белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» атты романының тұсаукесері өтті.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Қызыл қар» романының авторы, белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, жазушылар, ғалымдар және басқа да шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты.  

Өз сөзінде министр, өмірінде де, көркем әдебиетте де Жұмабай Шаштайұлы шынайы позицияны ұстанатын азамат, сонымен бірге ел журналистикасының дамуына өз үлесін қосқан журналист екендігін атап өтті. 

«Қызыл қар» атты дебюттік шығармасы сонау Кеңес дәуірі кезеңінде жазылып, сол тұстағы жоғары сындылардың сынына іліккенін білеміз», - деді Аида Балаева.

«Қызыл қар» романы жуық арада кітапханалар мен кітап дүкендеріне жеткізілетін болады.


@aqparatqogam