Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін – Рухани келісім күні

Бүгін – Рухани келісім күні

Бүгін Қазақстанда рухани келісім күні. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім, яғни қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау жөнінде манифест қабылдады. Содан бері жыл сайын елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні мемлекеттік деңгейде аталып өтіп келеді.

Бүгінде республикада 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Республикамызда мекендейтін барлық халықтардың адамгершілік және рухани бірлігі - еліміздің одан әрі гүлденуінің басты іргетасы.