Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде

Бейәдеп қылық көрсету және фонограмманы ескертусіз қолдану заңмен қадағаланады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Құжатта мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған ақпарат ауқымына тыйым салу ережелері жазылған. Бұл көпшілік қатысуымен өтетін іс шараларға қатысты. Заң жобасына ойын-сауық, мәдени-бұқаралық шараларда музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың қолданылуы туралы көрерменге хабарлау жөнінде міндеттер енгізілді. Сенаторлар Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауды қарастыратын Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын құру мәселесіне де ерекше назар аударды.

***

Елімізде стипендия мөлшері өскенімен, медициналық университеттер докторанттарға ұлғайтылған шәкіртақы төлемей отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында белгілі болды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың мәліметінше, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы тағы өсті. Бұл жолы стипендия болашақ педагогтар мен докторантурада білім алушыларға ұлғайтылды. Қазіргі уақытта докторантура бойынша 55 жоғары оқу орны бар. Соның 47-сі ұлғайтылған шәкіртақы берді. Ал 8 ЖОО стипендияны бұрынғы деңгеймен төлеген. Олардың көбісі медициналық университеттер болып отыр», - деді Әділет Тойбаев. Департамент басшысының айтуынша, бұл мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс жүргізілді. Таяуда аталған университеттер докторанттарға тиісті шәкіртақысын төлейтін болады.

***

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, кеше коронавирус жұқтырған 12 жағдай тіркелген. Оның ішінде 10 жағдай жергілікті, 2-уі Мысырдан келген саяхатшылардан табылған. Оған қоса анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелген. Тәуліктік өсім 0,05 пайызды құрады. Репродуктивті саны, яғни инфекцияның таралу индексі 1,06 деңгейінде. Осы индекс бірден өссе бұл індеттің артуын білдіреді. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин екінші толқынға дайындық қамтамасыз етілгенін айтты. Қазір қалада 17 ПТР зертханасы іске қосылған. Олардың жиынтық қуаты тәулігіне 12 мыңнан астам, сондай-ақ тәуліктік зерттеуді арттыруға мүмкіндік бар. Жоспар бойынша бұл резервті 22 мыңға дейін жеткізуге болады,-дейді Алматының бас санитар дәрігері.

***

Теңіз кенішінде 9 жұмысшы корнавирус жұқтырды. Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан кеніштегі бұл жағдай туралы Аймақтық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды. «Қауіпті індетке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал 9 науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

***

2020-2021 жылдағы қыс мезгілі жылы болып, жауын-шашын мол түседі. Қазгидромет алдағы қыс айларына жасалған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Ттек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында былтырғы норма сақталады. Синоптиктердің болжамынша, желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады, тек батыс өңірлерінде – аз күтіледі, ақпан айында елдің басым аймақтарында қар қалың жауады. Көктемде, атап айтқанда наурыз жылы болып, жауын-шашының мөлшері азаяды.