Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Warwick University амбассадоры болған Нұрбек Абдоллаев

Warwick University амбассадоры болған Нұрбек Абдоллаев

«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ: Нұрбек Мұратұлы Абдоллаев – инженер құрылысшы, инженерлік бизнесті басқарушы маман. Ол 1986 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Қазақ Бас Архитекторлық Құрылыс академиясының, Қазақ орыс халықаралық университеттерінің түлегі. 2016 жылы «Болашақ» шәкіртақысын ұтып алып, Ноттингем университетінің тілдік курсынан өткен. Англиядағы Уоврик университетінің магистратурасын «инжениринг бизнес менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір Ұлттық банкте Күрделі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарады. Үйленген. Екі баланың әкесі.   

• Нұрбек «Қазақ радиосына» берген сұхбатында әлемнің дамыған елінің бірі Англияның екі бірдей университетінде білім алғанын, оның ішінде магистратураға дейін академиялық мақсаттағы тілдік дайындықтан өтудің маңыздылығына тоқталды. Көп кітапты аз ғана уақытта оқу технологиясымен бөлісті.

• Еуропалықтардың қоғамға, қоршаған ортаға, адамға жасаған жағдайлары, үйренетін жақтарымыз, артықшылықтары туралы да ойларымен бөлісті.

• Нұрбек университет қабырғасында амбассадор болып қызмет еткен.

• Нұрбек Мұратұлының диссертациялық жұмысының тақырыбы: «Қазақстандағы құрылыс саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікке үнемді өндіріс жүйесін енгізу». Зерттеу жұмысын жазу барысында Кайдзен философиясын негізге алған жапандарды мысал қылып алған. Оның артықшылығы – тұтынушының қалауын түсіну, орындау, жауап беру, проблеманы жасырмай, ашық айту.

• «Ешқандай пайдалы қазбасыз, интеллектуалды біліммен жетістіктерге жеткен жапондар бізге үлгі болуы керек. Алған білімімізбен мемлекетімізге өзгерістер енгізіп, дамуына үлес қосуымыз қажет» дейді бағдарлама кейіпкері.

Бағдарлама авторы: Жадыра Жұмакүлбай .

Саунд оператор: Қайсар Тұрмағамбетұлы

Бағдарламаны толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыз.