Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 27.10.2020

Қорытынды жаңалықтар 27.10.2020

27.10.2020_19:00 


ҚР Президенті Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін айтты. «Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. Сондай-ақ, Президент Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін атап өтті. «Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет» деп жазды ол. 

*****

Қазақстанда алдағы Мәжіліс сайлауына сайлаушылар тізіміне кіргізілген азаматтардың саны 11 820 318. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. «Орталық сайлау комиссиясы алдағы науқанның кезекті сипатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірге 2020 жылыдң 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылардың тізілімін жасады», - деді ол ОСК отырысы барысында. Оның атап өтуінше, сайлаушылардың тізілімін қалыптастыру сайлау процесіннің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі саналады.

*****

Елімізде 18 жасқа толған 11 млн 730 мыңнан астам азамат тұрғылықты жерінде тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. «15 324 адам уақытша тіркеуге алынған. 618 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған. Қазір министрлік Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, сайлаушылар тізімін өзектендіру бойынша өзара іс-қимыл алгаритмдерін пысықтауда. Соған сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға дайындық бойынша жұмыс жалғасады», - деді Марат Қожаев.

*****

ПТР-тест анықтамасы жоқ шетел азаматын бортқа кіргізген әуе компаниясына 1600 АЕК айыппұл салынады. Бұл туралы Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева айтты.

Нұр-Сұлтанға барлық әуе жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. «27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР-анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ», - деді С. Байғабылов.  

*****

Қарағандыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік медициналық зертхана ашылды. Автоматтандырылған жабдық тәулігіне 2 мыңға дейін ПТР-тест ала алады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа зертхананың жұмысымен танысты. «Облыстағы жаңа зертхананың жұмысын ескере отырып, 10 мыңға дейін тест жүргізуге болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

*****

Қызылорда облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтілді. Өңірде 21 инфекциялық стационар қажет болған жағдайда жұмысын қайта жалғастырады. Оларды 3200 төсекке дейін кеңейтуге болады. «Қараша айында 200 төсектік модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Демеушілердің қолдауымен облыстық көпбейіндіжəне Қазалы ауданаралық ауруханаларында оттегі станциясын салу жоспарланған. Аталған емдеу орындарында орталықтандырылған оттегімен жабдықтауға арналған қондырғылар орнатылады. Бүгінгі таңда облыстық медициналық мекемелерде 244 желдеткіш, 9 ПТР, 60 рентген аппараты, 658 оттегі концентраты бар. Бұл туралы облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов айтты.

*****

Биыл «Салық берешегі 5,2% -ға азайып, 195,5 млрд теңге болды. Бұл туралы «2020 жылдың 9 айындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру» туралы баяндаған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты. Оның сөзінше Кедендік әкімшілендіру шараларының күшеюіне байланысты Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздік 48% -дан 44% -ға дейін төмендеді. Осы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 92 пайызға орындалды.

*****

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдана бастады..«Егерде Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтері» халықаралық конкурсына қатыса аласыз» делінген хабарламада. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыру керек. Өтінімдерді 15 қарашаға дейін жіберуге болады.