Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мансур мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Соңында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.