Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Діни экстремизмнің алдын алу

Діни экстремизмнің алдын алу

Бүгінде әлем жұртшылығын назарға іліктерген мәселелердің бірі діни экстремизммен күрес. Қазақстан үшін де діни экстремизмге қарсы тұру және алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым-бағыттарының бірі. Осыған сәйкес, заңнамалық база жетілдіріліп, көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданып жатыр. Тіпті бұл мәселені толық ауыздықтау үшін құзырлы мемлекеттік және қоғамдық органдардың түр–түрі де құрылып жатыр. Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Аталған бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының да жұмысы еселей түсті. 

Қазақстан – өз елінің әйелдері мен балаларын соғыс алаңына айналған Сирия мен Ирактан алып шыққан алғашқы мемлекеттердің бірі. Тіпті жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында осы мәселені ерекше атап өтті. Президент өз сөзінде халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін үлкен альянс құру қажеттігіне тоқталып, барлық мемлекетті Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне қосылуға шақырды.

Діни экстремизммен күрес біріккен ұлттар ұйымының да басым-бағыттарының бірі. Қазақстан да 2019 жылдан бастап аталған ұйыммен осы бағытта тығыз жұмыс істеуде.

Елімізде тороризмге қарсы іс-қимыл туралы заң 1999 жылы 13 шілдеде қабылданса, экстремизмге қарсы іс қимыл туралы заң 2005 жылдың 18 ақпанында қабылданған. Сондай-ақ одан бері аталған заңдарға бірнеше өзгертулер ме түзетулер енгізілген. 

Ия, діни экстремизммен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сондай-ақ әрбір ата-ананың отан алдындағы азаматтық борышы. Қазақ, баланы жастан деп бекер айтпайды. Сондықтан жарқын болашақты ойласақ, бала тәрбиесіне де ерекше мән берген жөн.


Толығырақ аудионұсқада.