Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәриямға жанашыр болайық!

«Мың алғыс» хабарының кезекті саны мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Мәриям Алмасқызына арналды. 


Қазіргі таңда Мәриям Корея мемлекетінде ем алуды бастады. Жүгіріп, қамсыз ойнап жүрген бала бір күннің ішінде сынаққа тап болды. Құсып, жатып қалғаны болмаса ауру белгілері бұрын байқалмаған. Айналдырған 2-3 күннің ішінде Мәриямның миында ісік бар екені анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында 5 қазан күні операция жасалды. Бірақ мидың ішіндегі ісікті түгел алып тастау мүмкін болмағандықтан ата-анасы шетелдік клиникалардың көмегіне жүгінеді. Ол аз қаржыны талап етпейтіні түсінікті. Мәриям толық емделу үшін емделу үшін 1 000 000 000 теңге көлемінде қаржы қажет.

Үлкен соманы жинау оңай болмағандықтан кейіпкердің әкесі Алмас Мейрамханұлы Қазақ радиосы арқылы көптен көмек сұрады. 

Жұмыла көтерген жүк қашан да жеңіл! Тағы бір ата-ананың жүрегіндегі мұңды сейілтуге себепкер болайық! 

Мәриямның әкесі Алмас Мейрамханұлының атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4931 6206 2700

ЖСН: 8812 1830 1256