Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

8 қарашада қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

8 қарашада қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды.

"Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - деп түсіндірді компания.

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін төлем жасаудың түрлі әдістері мен тарифтері қарастырылған:

- көлік әмияны - ақшаны көлік картасына аудару;

- көлік билеті - бұл 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;

- «SMS арқылы төлем жасау» - ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;

- «QR-код арқылы төлем жасау» - жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;

- бірлескен брендтік карта - жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.

Сонымен қатар, «ауысып отырумен15 сапар», «ауысып отырумен 30 сапар» тарифтері бар. Ауысып отырулар 60 минут қолжетімжі және тек сапарлар санынымен ғана байланысты.