Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Балапан сазда» Өктем Алтаев әндері

«Балапан сазда» Өктем Алтаев әндері

«Балапан саз» кезекті хабарында композитор-әнші Өктем Алтаевтың балалар әндері орындалды.

Өктем Есіркепұлы алғашқы музыкалық білімді Жетісайдағы мәдени-ағарту училищесінен алады, одан кейін Шымкенттегі педагогикалық мәдениет институтының ән және музыка бөлімін тамамдайды. Танымал әншілердің орындауындағы әндерден бөлек, балалар шығармашылығында да біраз туындылары бар. «Көктеммен бірге гүлденем» (Әні: Ө. Алтаев. Сөзі: Бекжан Әшірбаев), «Әке» (Әні: Өктем Алтаев. Сөзі: Белгісіз), «Тәтті түс» (Әні: Өктем Алтаев. Сөзі: Ибрагим Исаев), «Ұстазым» (Әні: Өктем Алтаев. Сөзі: Саят Қамшыгер), «Әке-ана» (Әні: Өктем Алтаев. Сөзі: Құрманай Бақтиярқызы), «Туған жерім-Гүлстан» (Әні: Өктем Алтаев. Сөзі: Бекжан Әшірбаев), «Мен де ұшқыш боламын» (Сөзі: Саят Қамшыгер) сынды т.б. балалар әндері бар.

Студияда «Үздік орындаушы» аталымы бойынша ән салатын өнерпаз Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Өнер мектебінің вокал класы бойынша оқушысы Еркеназ Жексенғалиева автордың «Әке, Ана» атты әнін орындады.