Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 13.11.2020

Қорытынды жаңалықтар 13.11.2020

Елімізде КВИ-ге шалдығушылардың саны күрт артты. Өткен тәулікте індет жұқтырудың 638 жаңа жағдайы тіркелді. Ең көбі ШҚО-да. Мұнда 261 адамнан ауру анықталды. Осылайша, республика бойынша 119 129 жағдай расталды, оның ішінде 108 958 адам ауруханадан емделіп шықты. 

***

Алматыда оқу жылының бірінші тоқсанында 26 оқушы коронавирус жұқтырған. Қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұмановтың мәліметінше, олардың ішінде екі бала штатты режимде білім алған. Енді екінші тоқсанда мектептерде 300 балаға дейін оқуға мүмкіндік берілді, яғни сыныптағы бала саны 15-тен аспау керек. Оған қоса жалпы білім беретін мектептерде 5-ші сыныптарға, ал халықаралық мектепте 7 сыныпқа дейін оқуға рұқсат етілді. Бұл ретте бесінші сыныптарда кезекші топ ашу бойынша ата-аналардан 578 өтініш түсті,-дейді Қайрат Жұманов.

***

Бүгін Атырау облысының әкімі Елордадағы ОКҚ келіп, брифинг өткізді. Махамбет Досмұхамбетов аймақ коронавирустың екінші толқынына дайын екенін, кадр тапшылығы үштен бірге қысқарып, 93 жас маман жұмысқа тартылғанын жеткізді. Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 7 нысанның құрылысы аяқталды,-дейді өңір әкімі. Сонымен қатар, Махамбет Досмұхамбетов Қазақстанда 10 айда өндірілген мұнайдың 55 пайызы Атырау өңіріне тиесілі екенін айтып, облыстағы экологиялық жағдайға да тоқталды.

***

Бұдан бөлек, бүгін БҚО әкімі де брифинг өткізіп, аймақтағы ахуалды баяндады. Ғали Есқалиевтің айтуынша, пандемия кезінде өңірдің 12 мыңнан астам кәсіпкері 6 млрд теңге қаражатын үнемдеді. Сонымен қатар, аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде дамып келеді. Жыл соңына дейін БҚО-да 1900-ден астам пәтер пайдалануға беріледі,-дейді Ғали Есқалиев.

***

Ертеңнен бастап Павлодардағы блок бекеттерден pvlinfo.kz сайтына тіркелгендер ғана өте алады. Бұл туралы қала әкімі Ержан Иманслям мәлім етті. ның айтуынша, қалаға кіреберістерде 5 блокпост орнатылған. Бұған дейін азаматтар жұмыс орнынан алған анықтамалар арқылы өтіп келген болса, ертеңнен бастап оларды полицейлер сайт арқылы тексеріп өткізеді. Бүгінде порталға жеке және заңды тұлғалардан 15 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Сондай-ақ қала әкімі карантиндік шектеулерге қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс нөміріне хабарласуға болатынын атап өтті.

***

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерінің бәрін қосқанда 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні 16- 17 желтоқсан күндері ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. 18-і күні демалыс болғандықтан 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де, жұмыс күні болып бекітілген. Осылайша қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.

////

Бүгін Елордадағы «Қазмедиа» орталығында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды. Салтанатты жиынды ашқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бұл марапаттың Astana Media Week жобасы аясында жасалғанын атап өтті. «Үш күнге созылған Astana Media Week жобасы халықаралық журналистиканың назарын елордамызға аударған ерекше іс-шара болды. Бүгінде бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия жағдайында әлем журналистері бір арнада тоғысып, өз кәсіптеріне деген адалдықты кезекті рет дәлелдеп отыр», - деді министр. Ал, байқауға келетін болсақ биыл 11 аталым бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түскен. Әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Биылғы байқаудың тағы бір жаңалығы – қазақ журналистикасының жампозы Шерхан Мұртаза атына арнайы номинация тағайындалған еді. Бұл аталым бойынша белгілі журналист, публицист Қайнар Олжай жеңіп алды.