Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде әрбір қазақстандықтың банк алдындағы орташа берешегі 470 мың теңгеден асқан.

Елімізде әрбір қазақстандықтың банк алдындағы орташа берешегі 470 мың теңгеден асқан.

14.11.2020_14:00

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерін қосқанда 11 күн демалады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады. 18 желтоқсан демалыс болғандықтан, 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген. Осылайша, қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.

*****

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Баспа, радио және интернет журналистикасын қамтыған дүбірлі додада «Жылдың үздік газеті» сыйлығы Жамбылдың «AQ JOL» газетіне берілсе, «Жылдың үздік журналы» аталымында «Жұлдыз» журналы жеңімпаз деп танылды. Биыл алғаш тағайындалған Шерхан Мұртаза атындағы номинация белгілі журналист, Ұлттық арнаның бас редакторы Қайнар Олжайға бұйырды. «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңімпаз болды. Ал «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева «Жылдың үздік сұхбаты» аталымында топ жарды. Жалпы 11 аталым бойынша үздіктер марапатталды. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Биыл бұл байқауға барлығы 470 өтініш түскен.

*****

Оңтүстік Кореяның астанасында ұшқышы жоқ әуе таксиі сынақтан өткізілді. Евроньюс таратқан видеода үлкен дронға ұқсайтын құрылғы 50 метр биіктікке көтеріліп, қаланың үстінен айналып, қауіпсіз жерге қонды. Әрине, оның ішінде жолаушылар болмаған. Такси жалпы салмағы 200 келіге дейінгі салмақты көтеруге арналған, яғни оған екі адам отыра алады. Оның басқару желісі толығымен автоматтандырылған. Ұшқышсыз әуе таксиін бес жылдан кейін жаппай іске қосу жоспарланып отыр.

*****

Алматыда кезекші сыныпта оқитын оқушылардан COVID анықталды. Қалалық білім беру басқармасының мәліметінше, бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырған. Олардың екеуі кезекші сыныпта оқитындар. Қазір вирус жұқтырғандар оқыған топ карантинге жабылған. Жалпы жаңа оқу жылы басталғалы мың жарымнан аса кезекші топта 20 мыңға жуық бала білім алған. Ал, екінші тоқсанда оқушылардың саны артпақ. Өйткені, мегаполистің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин орын саны 300-ден аспайтын мектептердің дәстүрлі форматта жұмыс істеуіне рұқсат беріп отыр. Бірақ бір сыныпта оқушылар саны 15-тен аспауы керек.

*****

Елімізде әрбір қазақстандықтың банк алдындағы орташа берешегі 470 мың теңгеден асқан. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 290 мың теңге еді. Осы уақыт ішінде 180 мыңға өсіп, жарты миллионға жуықтаған. Бұл сома ел азаматтары алған несие көлемін экономикалық белсенді халықтың санына бөлгенде шығып отыр. Айта кетейік, қазақстандықтар банктер мен шағын қаржылық ұйымдарға 4 триллион 400 миллиард теңге қарыз.