Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айдос Мырзабек: Шетелдіктерге қазақ тілін жеңіл үйретудің методикасын жасасам деген жоспарым бар

Айдос Мырзабек: Шетелдіктерге қазақ тілін жеңіл үйретудің методикасын жасасам деген жоспарым бар

Лестер университетін магистратура бойынша бітіріп келісімен Айдос астанадағы Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ оқу орнында дамыған мемлекеттерде сұранысқа ие TESOL, яғни, өзге тіл өкілдеріне ағылшын тілін үйрету мамандығы бойынша сабақ берді.

Сабақ бере жүріп, Гласгоу университетінің докторантурасына түскен Айдос Қазақстан мектептеріне формативті бағалау жүйесін орнату қажет деп санайды.

«Шетелде кеңінен қолданылатын бұл әдісті еліміздегі педагогика мамандығында оқып жатқан студенттерге тіл үйрену барысында арнайы курс ретінде оқыту керек» дейді Айдос Мырзабек.  

Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің маманы, тәжірибелі ұстаз , «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері Айдос Мырзабектің арманы – өзге тіл өкілдеріне қазақ тілін жеңіл үйретудің әдісін ойлап табу. Ол Қазақстанға келгеннен кейін осы бағытта жұмысын жалғастырмақ ниетте.

ДОСЬЕ: Айдос Мырзабек 1988 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы қызметін жалпы білім беретін мектепте мұғалім болып бастаған Айдос «Болашақ» бағдарламасын ұтып алған соң, Англияның Лестер университетінде «Қолданбалы лингвистика және ТЕСОЛ» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Қазір Шотландияның Гласгоу университетінде Білім саласы бойынша PhD доктаранторанты. Үйленген бір баланың әкесі.

Айдоспен сұхбатты хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарлама авторы әрі редактторы: Жадыра Жұмакүлбай.