Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бірінші сынып оқушыларына жылдық қорытынды баға қойылмайды

Бірінші сынып оқушыларына жылдық қорытынды баға қойылмайды

Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды. Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты. 

***

Сенат депутаттары алдағы 3 жылдық бюджеттің жобасын Мәжіліске кері қайтарды. Сенаторлар құжатқа 39 өзгеріс енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Депутат Нұрлан Қылышбаев Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, Үкімет шикізаттық емес табыс көздерін табуы тиіс. Сондай-ақ министрлер кабинеті бюджетті жоспарлағанда мұнай бағасының өзгеру мүмкіндігін ескерген жоқ деген сын пікірлер айтылды. Яғни елдің келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша болжамдар дұрыс жасалмай жатыр. Сенаторлар бюджет жоспарында коронавирус індетінің салдарынан өткізілмейтін шараларға қомақты қаражат қарастырылғанына қарсылық білдірді. 

***

Бірінші сынып оқушыларына жылдық қорытынды баға қойылмайды. Студенттердің және оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауының Типтік ережелеріне өзгертулер енгізілді. Бұрын бірінші сынып оқушылары 3-ші және 4-ші тоқсандардың қорытындысы бойынша бағаланатын.

***

Қазақстанда жаңа 100 теңгелік монеталар шығарылды. Бірнеше өңірде "Дала қазыналары" монеталар сериясының JETI QAZYNA монеталары айналымға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. Олар қарапайым монеталар секілді заңды төлем құралы саналады.

***

Құны 466 млн теңге болатын алтын кенін Ресейге апара жатқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Заң бұзушылық Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде болған. Бұған дейін де 27 шілдеде осы өткізу пунктінде «кварцит» түріндегі «құрамында алтыны бар кенді» шекара асыру әрекеті іске аспай қалған. Жүргізуші ҚР азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

***

2050 жылға қарай Жер тұрғындарының жартысында артық салмақ болады дейді ғалымдар. Германиядағы Потсдам институтының зерттеушілері 30 жылда төрт миллиардтан астам адамда артық салмақ пайда болуы мүмкін екенін және олардың 1,5 миллиарды семіздікке ұшырайды деген болжам жасады, - деп хабарлайды Daily Mail. Ғалымдардың пікірінше, ғасырдың ортасына қарай азық-түлікке әлемдік сұраныс 50 пайызға артады. 2010 жылы әлем халқының 29 пайызында артық салмақ болып, 9 пайызы семіздікке шалдыққан екен. Зерттеулерге сәйкес, АҚШ пен Ұлыбритания бұл статистикадан озып кеткен. "Әлемде тамақ жеткілікті, мәселе - планетамыздағы ең кедей адамдарда оны сатып алуға табысы жоқтығында. Ал бай елдерде адамдар ысырапшылдықтың экономикалық және экологиялық салдарын сезбейді.