Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 20.11.2020

Қорытынды жаңалықтар 20.11.2020

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті. Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Президентке цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

***

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауына 29 шетелдік байқаушыны аккредиттеді. «2020 жылдың 22 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанына орай халықаралық бақылау институтын ашты. ҚР Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін 11 халықаралық ұйымға тиісті шақырулар жіберді. Сонымен бірге екіжақты негізде ҚР Орталық сайлау комиссиясы 25 шет мемлекеттің Орталық сайлау комиссияларына шақырулар жіберіп отыр», - деді Анастасия Щегорцова. ҚР ОСК мүшесінің айтуынша, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 29 байқаушыны аккредиттеуге ұсынған.

***

Шығыс Қазақстан өңірінде короновирус инфекциясының таралуына байланысты күрделі жағдай сақталып отыр. Бұл туралы брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов айтты. Оның сөзінше облыс ауруханаларында 659 адам ем қабылдап жатыр. Оқу басталғалы өңірде оқушылар арасында 410 оқушы інетті жұқтырған» деді Даниал Ахметов.

***

Шымкентте карантиндік шектеулер 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Келушілерге қызмет көрсетпейтін нысандар әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Салтанатты, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс істей алмайды. Қоғамдық көлік жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

***

Солтүстік Қазақстан облысында бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес азық-түлік дүкендері мен кейбір әлеуметтік мекеменің жұмыс кестесі өзгерді. Жаңа қаулы 23 қараша күшіне енеді. «Азық-түлік дүкендері мен күнделікті тұрмысқа қажет тауар сататын сауда орындары бұрын сағат 20.00-ге дейін жұмыс істесе, енді кешкі сағат 22.00-ге дейін ашық болады. Қоғамдық моншаларға сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

***

Петропавлда бастауыштың кезекші сыныптарына сабақ берген екі мұғалімнен коронавирус анықталды. Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамның тапсырған ПТР тесті оның қауіпті инфекцияны жұқтырғанын растады. Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқи бастады. Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді. 4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен СOVID-19 табылған.

***

Батыс Қазақстан облысында мониторинг топтары қараша айында 78 нысанның санитарлық талапты бұзғанын анықтады. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім еткендей, осы мерзімде 123 хаттама толтырылды. Соның ішінде көп адамның қатысуымен өткен 49 іс-шара тіркелді. Сондай-ақ бетперделік режимді сақтамаудың 37, түнгі сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 25, жұмыс режимін бұзудың 11 дерегі белгілі болды. Осы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 7 млн астам теңге айыппұл салынды.

***

21-23 қараша аралығында еліміздің оңтүстігінде күн райы суытады, - деп хабарлайды "Қазгидромет". Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республикамыздын оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы 8℃ градусқа дейін суытады.