Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Стадиондар жанкүйерлерді қабылдай бастады

Стадиондар жанкүйерлерді қабылдай бастады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының базалық 3 принципін атады. «Nur Otan сапалық құрамы, ұлттық құрамы мен экономикалық бөліністері бойынша Қазақстанның проекциясы саналады. Сондықтан да біз халқымыздың, Қазақстан халқының гүлденуі үшін одан ары да жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Елбасы партияның кезектен тыс ХХ съезін қорытындылай келе. Осы орайда Елбасы Nur Otan партиясы барлық уақытта да базалық 3 принципті басшылыққа алғанын және алдағы уақытта да оған арқа сүйейтіндігін баса айтты. «Біріншісі - жауапкершілік. Біз шынайы істер партиясымыз. Демек, жауапты саяси күш деген сөз. Яғни, айтты - істеді. Қиын сәттерде Nur Otan барлық уақытта халықпен бірге болды. Бүгінде партия елдегі шынайы билікпен байланыстырылады. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктейді және оны түсінеміз. Nur Otan партиясынан кандидат болу, партиялық тізімнің бөлшегіне айналу - бүгін және болашақта мемлекеттің жауапкершілігін бөлісу. Екінші принцип - командалық бірлік. Партияға мүшелік - бұл басымдық емес, қоғам алдындағы міндет, отанның игілігі үшін күнделікті жұмыс. Үшінші принцип - орталық идеальдар мен мақсаттарды ұстану»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

***

Бүгін ел аумағына шетелден келген Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның өзімен бірге ПТР анықтамасы жоқ болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, тиісті тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қауіпті вирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы әуежайында мерзімі өтіп кеткен ПТР анықтамасымен келген тағы бір ресейлік азамат еліне қайтарылды. Жалпы өткен тәулікте Қазақстан аумағына 13 халықаралық рейс келді. Жолаушылардың жалпы саны – 1420. Оның 1328-де теріс нәтижелі анықтама бар. Сондықтан үйлеріне қайтуына рұқсат етілді. Ал қалғаны карантиндік стационарға жатқызылды.

***

Америкалық SpaceX компаниясының зымыраны кеңістікке 60 жер серігін алып шықты. Бұл Starlink ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Өткен жылдан бері орбитаға 900-ге жуық жерсерігі шығарылған. SpaceX компаниясы келешекте 12 мың жер серігінен тұратын ғаламдық интернет жүйесін құруды жоспарлап отыр. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Жүйе биыл АҚШ аумағын, ал келесі жылы бүкіл елді қамтуы тиіс.

***

Әлемде коронавирус індеті аяқталмағанына қарамастан, спорт стадиондары жанкүйерлерді қайта қабылдай бастады. Бірақ ол үшін спорт нысандарының әкімшілігі мейлінше азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етулері керек. Осы мәселеге байланысты бас қатырған олар жаңа технологиялардың көмегіне жүгіне бастады. Арнайы қосымшалар адам қарасы көп жиналған жерлерді көрсетіп қана қоймай, вирус жұқтыру қаупін төмендетуге де көмектеседі. Ал бейнекамералар жанкүйерлердің ғимарат ішіндегі қозғалысын сканерлейді екен.