Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Электр энергетикасының тиімділігін арттыру құжаты қабылданды

Электр энергетикасының тиімділігін арттыру құжаты қабылданды

Бүгін Сенат депутаттары электр энергетикасының тиімділігін арттыруға арналған құжатты қабылдады. «Кейбір заңнамалық актілерге жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң елімізде жаңартылатын көздерден алынатын энергияны өндіру мен қолданылуды ынталандырырумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға да оң үлесін қосады,-дейді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

***

Сонымен қатар, Сенат отырысында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтың айтуынша, заң жобасында «жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы» ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескерілетін болады.

***

Ұлттық қауіпсіздік комитеті карантин шектеуі кезіндегі ел аумағына заңсыз кіру-шығу арнасын анықтады. Комитеттің ШҚО-дағы департаменті жеке медициналық орталықтың Қазақстан шекарасын өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын сату дерегін растады. Орталықтан 200 жуық комиссия қорытындысы, дәрігерлердің қолы мен таңбасы қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютер табылып, тәркіленді. Медициналық орталық директорының орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңгеге жалған комиссия қорытындысын сатып келген. Тергеу шаралары нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Сот күдіктілерді кінәлі деп танып, әрқайсысына 1 000 АЕК көлемінде айыппұл салды.

***

Қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат – жалған. ҚР Ішкі істер министрлігі «Еуразия бірінші арнасы» таратқан мәлімет ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды» делінген ведомствоның түсініктемесінде.

***

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді. Жүкті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қабылдап алды. Көмек құрамында 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және 2 млн медициналық бетперде бар. Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 400 млн теңгеге жуық. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай жүргізілді.