Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Анимация туралы қазақша оқулық жоқ

Анимация туралы қазақша оқулық жоқ

«Filmfan» хабарының кезекті қонағы : анимациялық кино режиссері, "Қазақфильм" АҚ "Анимациялық кино" бірлестігінің жетекшісі Адай Әбілдинов, анимациялық кино режиссері, "Dala animation" студиясының директоры Ділшат Рахматуллин, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ өндіріс бөлімінің сарапшысы Айым Мақан. Сұхбат қазақ анимациясына, жаңа анимациялық туындылар, шетелге қай өнімдер сатылды және сатылмақшы, бүгінгі анимациялық киноның даму деңгейі секілді мәселелерге арналды.

  • Пандемия кезінде кино түсіру қиын болғанымен, анимациялық кино жасау ешқандай кедергіге қарамайтындығын көрсетті. Анимациялық студияның жетекшісі ретінде айта кетсеңіз, шығармашылық бір жыл бойы қалай жүріп жатыр, тоқыраған жоқ па? 
  • Айым, ҰКҚО анимациялық киноға ерекше мән бере бастады. Не себепті?
  • ҰКҚО-ның осы уақытқа дейін өткізген питчингінде жалпы қанша фильм қаржыландырылмақ? Оның ішінде қаншасы анимациялық фильм? 
  • Қазанның аяғында "Әмен" халықаралық фестивалі өтті. Екеуіңіз фестиваль аясында шеберлік сыныбын өткіздіңіздер. Халықаралық болғасын, шетелдік әріптестердің де туындылары болды. Отандық мультипликаторлардың деңгейі салыстырмалы түрде қандай?
  • Киноорталық Netflix пен IVI платформасына "Dala animation" студиясының "Бесік жыры" туындысын әзірлеп жатқаны туралы ақжолтай хабарымен бөлісіп еді. Ділшат, сіз жасап жатырсыз ғой? Туынды қай кезеңге келді?
  • Айым, ал шетелдік платформалармен келісімшарт сіздердің құзыреттеріңізде ғой? Олардың белгілі бір талабы бар ма?
  • Қаржылық жағы ше? Платформаға қою үшін қаржы төлейсіздер, кейін ол жақ та тиісінше ақысын төлейді ғой?
  • Анимация режиссерлерінің үш деңгейілі мектебі бар, өткен бір хабарда Адай мырза біз орта буынға жатамыз деп еді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі анимация мектебі қарқынды дамып келеді. Әсіресе, соңғы 5-10 жылда. Бұған "Балапан" арнасының әсері қаншалықты?
  • Анимация режиссерлерінің арнайы телеарна не фестиваль үшін туынды жасағаннан гөрі шығармашылық шабыттан туған дүние сапалырақ болатын секілді?!
  • Питчингтен өткен туындыға кететін қаржының сметасын киноорталық өзі бекіте ме, жоба ұсынған тараптың шығыны ескеріле ме?
  • Анимациялық туындыны дүниеге әкелу үшін бірнеше маман жұмылдырылады: режиссер, дизайнер, суретші, сценарист, композитор, т.б. дегендей. Біздің елдегі ең қат, аз мамандар қайсылар?

Осы және өзге де сауалдардың жауабын бағдарламадан біле аласыз.

Жүргізушілер – Нұртас Нұрғали, Жадыра Жұмакүлбай.