Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өскемен қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 отбасыға баспана берілді

Өскемен қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 отбасыға баспана берілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жариялады. «Құрметті алматылықтар. Пандемия басылған жоқ. Әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», - деді әкім Instagram парақшасында. Айта кету керек, өткен тәулікте Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияның 184 жағдайы анықталса, оның 84-і – Алматыда тіркелді.

*****

Өскемен қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 отбасыға баспана берілді. Оларға пәтер кілттерін ШҚО әкімі Даниал Ахметов салтанатты түрде табыс етті. «Баршаңызды келе жатқан Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай жарқын мерекеде баспаналы болып жатқан барлық отбасыларға береке-бірлік тілеймін. Қоныс құтты болсын!», – деді аймақ басшысы. Отыз отбасының ішінде көпбалалы жанұялар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, үй кезегінде тұрған басқа да әлеуметтік осал топтағылар бар. Айта кетейік, биыл шаһардағы 200-ден астам отбасы «Жалдамалы тұрғын үй», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы баспаналы болған.

*****

Қарағанды облысы моноқала тұрғындарын сауықтыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асырып жатқан еліміздегі алғашқы облыс. Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін Сәтбаев қаласы таңдалды. Үш жыл ішінде барлық шараларды жүзеге асыруға шамамен 5,5 млрд теңге қажет. Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сәтбаев тұрғындарын сауықтыру бағдарламасы 2021 жылдың қаңтарында басталады. Осыған ұқсас бағдарламаларды Жезқазған мен Балқаш бойынша да әзірлеу жоспарлануда.

*****

COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты Грузия үкіметі шектеудің екі айлық жоспарын бекітті. Ол 28 қарашадан басталып, 1 ақпанға дейін созылады. 31 қаңтарға дейін елде киім-кешек базарлары, мейрамханалар, тамақтану нысандары, фитнес-орталықтар жұмысын тоқтатады. Барлық қоғамдық және қалааралық көлік тоқтатылады. Қандай да бір шектеуді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 600 доллардан астам, ал заңды тұлғалар үшін 3 мың доллардан астам айыппұл салынады.

*****

1 желтоқсан күні «Qazaqstan» ұлттық арнасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты. « Сағат 20:00-де «Qazaqstan» арнасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі шығады. Елбасы облыс орталығын Түркістанға көшіру жөніндегі тарихи шешімнің түпкі мән-мазмұнын ашып, қаланың туристік әлеуеті мен халықаралық беделі, келешек жоспары туралы айтып береді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.