Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дипломат Дудар Жәкенов: Қазақ елі туралы айтқанда - Абайдың есімін бірден еске алатын деңгейге жетуіміз керек

Дипломат Дудар Жәкенов: Қазақ елі туралы айтқанда - Абайдың есімін бірден еске алатын деңгейге жетуіміз керек

«Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Қазақстанның көптеген елшіліктерінде Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда шығармашылық кездесулер мен әдеби оқулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бірқатар қазақстандық елшіліктерде Абай шығармаларын аударған кітап авторлары марапатталды. Барлық марапатталғандар ұлы қазақ классигінің мұрасын түсінудің жаңа бағытының ашылғанын атап өтті». Бұл - дипломат, Эстониядағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы қызметін атқарған Дудар Жәкенов мырзаның пікірі.


Ол радиомыздың тілшісіне берген сұхбатында Абай өлеңдері мен прозаларында халқымыздың ұлттық сана-сезімі, тұрмысы, дүниетанымы, мінезі, жаны, сенімі, тілі, дәстүрлері мен рухы көрініс тапқандығын, олар кейіннен Абай әлемі деп аталатын ерекше құбылыс ретінде бағаланғандығын жеткізді. « Соның нәтижесінде Абай мұрасын зерттеуге деген қызығушылық республикада ғана емес, одан тыс жерлерде де жылдан жылға артып келеді. Мұны Абайға және бүкіл қазақ халқына деген құрмет, жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді әдісі деп атауға болады»,- дейді дипломат.

«Дипломатиялық қызметімнің 27 жылы ішінде мен шетелдік саясаткерлермен және түрлі саладағы мамандармен жиі кездестім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктерін жақсы біледі. Бірақ біздің рухани және мәдени құндылықтарымызбен таныс емес. Сондықтан, қазақ мәдениеті мен болмысын Абай арқылы ашу және 175 жылдығы қарсаңында ұ.ж. 10-ші тамызда "Абай күні" Үкімет қаулысымен бекіту дұрыс болды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, мерейтойлық іс-шаралар тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де өткізілді.


Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік жазушысын «Достық» орденімен марапаттады. 

Қазақстанның көптеген елшіліктерінде Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда шығармашылық кездесулер мен әдеби оқулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бірқатар қазақстандық елшіліктерде Абай шығармаларын аударған кітап авторлары мен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Мемлекеттік сыйлық жазушылар мен лингвист ғалымдарға Испаниядан Мария Санчес Пуиджге, Германиядан Леонард Кошут пен Герольд Бельгерге, Ресейден Георгий Пряхин мен Николай Анастасьевке, Түркиядан Зәферу Кибару және баскаларға табысталды. Абайдын мұрасы - халқымыздың бірлігі мен дамуына жол ашатын қасиетті құндылық», - дейді Эстониядағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы қызметін атқарған Дудар Жәкенов.


Испанияның филология ғылымдарының докторы «Достық» орденімен марапатталды.


Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошутқа «Достық» орденін табыстады.