Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жүзуден Дмитрий Баландин алтын алды

Жүзуден Дмитрий Баландин алтын алды

Еліміздің барлық өңірінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет. 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді.

***

Салық рақымшылығын жарты миллион қазақстандық пайдаланды. Олар 6,9 млрд.теңге берешегін өтеді, ал 772 млн. 700 мың теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

***

Арыста 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба іске қосылады. Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, келер жылы «Бақша дақылдары мен жемістерді сақтау және жоғары сапалы тамақ өнімдерін қайта өңдеу» жобасы іске қосылады. Бұдан бөлек, құрама жем шығаратын зауыт құрылысы да жоспарланып қойған. Сонымен қатар, күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіру жобасы мен мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу зауыт құрылысы да алдағы жылы жүзеге асады. Қала әкімі 3 мың-10 мың басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңының құрылыс жобасын да атап өтті. Қазіргі таңда онда электр энергиясын тарту жұмыстары жүргізілуде.

***

Германияда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллионнан асып кеткен. Әлемде бұл межеден асқан 12 мемлекет бар. Көбі Еуропа және Латын Америка елдері. Осыған дейін Германияда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қарашаның басында жарияланған локдаун ұзартылды. Осылайша ел билігі Рождество мен Жаңа жылда вирустың одан әрі өршіп кетуіне жол бермеудің жолын қарастырып отыр.

***

Жүзуден Қазақстан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин ел біріншілігінде үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша Дмитрий Баландин көш бастады. Аталған қашықтықты ол 27, 19 секундта бағындырды. 29,01 нәтижесімен Айбек Камзенов екінші орыннан көрінсе, 29, 63 көрсеткішімен Нұрдәулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады. Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және 200 м қашықтықта да алтын жеңіп алған.