Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде архив мамандарына сұраныс артқан

Елімізде архив мамандарына сұраныс артқан
  • Елімізде архив мамандарына сұраныс артқан.
  • Маңғыстау боксшылары ел чемпионатында топ жарды.
  • Елордада жер учаскелері мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынды.


Алдағы бес жылда архив саласына 900-ден астам маман керек болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Осы қажетттілікті қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі 2020 жылы архив мамандығына бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша 55 грант қарастырды. Қалғаны өзара байланысты мамандықтардың түлектерін тарту есебінен толықтырылады. Бірінші кезекте филологтар қамтылады», - деді Премьер-Министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Архив қызметкерлері еңбекақысын көтеруге 2 млрд. 800 млн теңге бөлінген.

***

Елордада 59 жер учаскесі мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынады. Мұндай шешім бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 76-шы сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұның барлығына 131 млн.теңге қажет. Сатып алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын үй кешендері, көпсалалы аурухана, мектеп салынады. «Барлық жер учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен танысты. Жазбаша келісімдері бар. Келіспегендері құжаттарын комиссияға ұсынған жоқ. Олар бойынша сатып алу мәселесі сот тәртібімен шешіледі», - деді әкімдік.

***

Өскеменде қоғамдық көлікке арналған OskemenBus мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды, енді автобустар мен трамвайлардың қозғалысын онлайн бақылауға болады. Әзірге тек 3-ші, 12-ші және 60-шы бағыттар көрсетілген. 2-ші желтоқсаннан кейін жол ақысын картамен төлеу жүйесі толық жүзеге асырылып, барлық қалалық маршрутты онлайн режимде көруге, олардың кестесі мен бағытын, аялдамаға нақты келу уақытын білуге болады.

***

Шымкентте бокстан ересектер арасындағы ҚР-ның чемпионаты аяқталды. Ішкі біріншіліктен іріктеліп шыққандар енді 9 желтоқсаннан бастап жалпы физикалық дайындық бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысады. Медальдардың саны мен сапасы бойынша 2020 жылғы ел чемпионатының көшбасшысы 2 алтын және 2 қола медаль иеленген Маңғыстау командасы болды. Екінші орында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола ұтқан елордалық команда, ал үшінші орында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жеңіп алған Жамбыл облысы тұр. 1 алтын мен 4 қола иеленген Павлодар боксшылары төртінші орыннан көрінді.