Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасы «Қазақстан мұнарасы» деп аталады

«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасы «Қазақстан мұнарасы» деп аталады

Ел астанасында салынып жатқан «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасы «Қазақстан мұнарасы» деп аталады. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Ел астанасын одан әрі көркейту үшін талай жоспарлар бар. Мұның барлығы Қазақстанның әлем алдындағы әлеуетін көрсетеді», - деді Н.Назарбаев.

***

Елбасы телеарнаға берген сұхбатында Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіту шешімінің маңызы мен қаланың келешек жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай бүгін кешкі сағат 8- де «Qazaqstan» телернасынан «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі көрсетіледі. Ол Н.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.

***

Тұңғыш Президентіміз тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрып, егемендіктің ең басты тұғырларын тас-түйін бекітіп берді. Бұл туралы Елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» тақырыбында өткен халықаралық жиында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. «Ең алдымен шекарадай күрделі мәселе кемеңгерлікпен шешіліп, халықаралық құжаттармен біржола шегенделді» деді Мәулен Әшімбаев.

***

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтөбеде пәтер кезегінде тұрған 253 адам баспаналы болды. Олардың арасында көпбалалы отбасы, жетім балалар мен әлеуметтік жағынан осал топ санатына тіркелгендер бар. Сонымен бірге пәтер алу үшін өтініш берген Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері де баспаналы болды. «Бір ғана Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Оның 24 мыңнан астамы қала тұрғыны. Жалдамалы -коммуналдық пәтерге 700-ден астам жерлесіміз қол жеткізді. 300-ге жуығы «Бақытты отбасы» бағдарламасының игілігін көреді», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

***

Қыстың алғашқы күндері еліміздің біраз бөлігінде аяз болады. Әсіресе желтоқсанның 2,3 күндері антициклон ықпал етеді. Жауын -шашын болмайды. Дегенмен «Қазгидромет» 6 өңірде дауылды ескерту жариялады. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады делінген синоптиктер хабарламасында.