Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін "Штрихи к портрету" деректі фильмінің бірінші сериясы көрсетіледі

Бүгін

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің бизнес өкілдерінен хаттар келіп түсті. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев өз жеделхатында Елбасыға мықты денсаулық, бақыт және ел игілігі жолындағы қызметіне мол табыс, ал Қазақстан халқына тыныштық, бақ-береке, орнықты даму және бақуаттылық тілеген. Ал Америка Құрама Штаттарының алпыс алтыншы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Қазақстанның қарқынды дамуындағы Елбасының ерекше ролін атап өткен. «Біздің Тұңғыш Президентіміз Джордж Вашингтон американдық құндылықтарды болашақта атқаратын істеріміздің негізіне айналдыра білді. Сіз Қазақстан үшін де дәл осындай игі жұмыс атқардыңыз. Сіздің ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салудан бастап, бейбіт транзитті жүзеге асыру сияқты шешімдеріңіз сөзіме дәлел» – делінген жеделхатта.

***

Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл өз құттықтауында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жас мемлекетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өткен. – Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Қазақ халқының жарқын болашағына сенімдімін. Қазақстанның түркі әлемінде алатын орыны бөлек. Қазақ-түрік қатынасының өркендей беруіне тілектеспін, – делінген жеделхатта. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тәуелсіз ел тарихындағы маңызды ролін атап өткен. – Елдің табысы мен тұрақтылығы көбіне Президент Назарбаевтың басшылығымен байланысты., – деді Т.Блэр.

***

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің бірінші сериясы «Хабар» телеарнасынан сағат 21:40-та көрсетіледі. Бұл туралы Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.

***

Президенттің Телерадиокешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалық сайлаған тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. ҚР Президентінің Телерадиокешені «Елбасы арманы – елорда» атты бейнероликті ұсынады», - делінген Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі парақшасында. Фильмде елорданың барлық қайталанбас сұлулығы құс ұшар биіктіктен ғажайып кадрларда бейнеленген. «Өз туындысының табысты боларына бір адам ғана сенді – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісіге жаңа қаланың пайда болу идеясы ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің жылнамасындағы ұлттық мақтаныш пен жарқын беттерге айналған астананы салу ұмтылысы да тиесілі», - деп жазылған парақшада.

***

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) мен Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) кезекті рейтинг нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Olympic.kz ақпаратына сәйкес, қазақстандық теннисшілер бұған дейінгі орнын сақтап қалды. Әйелдер арасында Елена Рыбакинаның нәтижесі жоғары. Ол ТОП-20-ға еніп, 19-шы орында тұр. Юлия Путинцева 28, Зарина Дияс 79-шы сатыда. Рейтинг көшін австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында – румыниялық Симона Халеп, үшінші позицияда – жапониялық Наоми Осака. Ерлер арасында Александр Бублик 50-ші, Михаил Кукушкин 89-шы, Дмитрий Попко 172-ші орында. Үздік үштікті Новак Джокович (Сербия), Рафаэль Надаль (Испания), Доминик Тим (Австрия) түйіндеген.