Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин»


Дереккөз: primeminister.kz