Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қос перзентінің тағдырына алаңдаған ана

Қос перзентінің тағдырына алаңдаған ана

«Мың алғыс» хабарының кезекті саны остеогенез диагнозына шалдыққан бір отбасының екі перзенті – Балнұр Жұматайқызы мен Нұрислам Жұматайұлына арналды. 

Балапандарының жағдайы туралы айтып беру үшін анасы Алмагүл Нарбутика келіп отыр. Балнұр аулада ойнап жүргенде құлап қалған, сол кезден бастап сүйегі үздіксіз сына берген. Екеуі де алғашқы қадамдарын енді ғана басып, ата-анасы қуанышқа бөлеп келе жатыр еді. Олар бала боп, жүгіріп ойнай алмайды. Сүйегіміз сынып кете ме деп, оқыс қимылдауға да қорқады.

Балапандарының ертеңіне алаңдаған Алмагүл Нарбутина Қазақ радиосына сұхбат берді. Бүгінге дейін бірнеше ем-шара жасалған. Ресейлік мамандар Нұр-Сұлтан қаласына 14 желтоқсанда келіп, балалардың аяғына операция жасайды. Ем-шараның құны 5 000 000 теңге тұрады. Үш күн ішінде 1 400 000 теңге жиналды. Қалған қаржыны жинау үшін қолдау білдірейік. 

Балнұр мен Нұрисламның анасы Алмагүл Нарбутинаның атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 4400 4301 0846 8536

HALYK BANK: 4405 6398 0756 3349

ЖСН: 8607 2945 0906