Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елорда тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр

Елорда тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сайлауда белсенді дауыс беріп жатыр. Елордада дауыс беру үшін барлығы 283 сайлау учаскесі құрылып, қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, сайлау учаскелерінде санитарлық нормалар сақталуда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


Сайлау учаскелері таңғы 7-де жұмысын бастады. Алғашқы сағаттарда бақылаушылар азаматтардың ерекше белсенділігін атап өтті. Алғашқы сайлаушыларға символдық сыйлықтар берілді. Елордада дауыс беру процесін саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және т.б. құрылған 1,5 мыңнан астам байқаушы бақылайды.

«Мен 79 жастамын. Міне, 18 жастан бастап қатысып жүрмін, қанша рет келгенімді есептеп көріңіз. Барлық сайлауға тұрақты қатысып отырамын. Бұл өзің қолдайтын партияға немесе кандидатқа дауыс беру әркімнің борышы деп санаймын», — деді Имантай Махметұлы.

«Көңіл-күйім құбылмалы болып тұр. Өйткені мен бірінші рет дауыс бергелі тұрмын. Бұл сайлауға келіп, дауыс беруім — азаматтық ұстанымым», — деп атап өтті Ұлжан Мырзагелдиева.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.

Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:

1) әкімдіктің веб-порталы; astana.gov.kz. (баннердің басты бетінде «astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);

2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);

3) @smartastana_bot телеграм-боты («қызметтер бөлімінде).

Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтар өз учаскесін таба алады.