Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін

Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді. 2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Cондай-ақ, 2021 жылдың 9 қаңтарында ПТР анықтамасыз Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

***

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшаларда балаларды тамақтандыруға төлейтін ата-аналардың шығындарын өтейтін болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен балабақшалардағы кезекті едәуір төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке балабақшалардағы тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға жұмсалатын шығындардың 100% - ын өтеу жоспарда. Субсидия сомасы 18 900 теңге. «Бұл жұмыс жеке сектормен талқыланды. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар және жеке сектормен келісім бойынша өлшемдер әзірленді. Өтінімдерді қабылдау ақпан айының басында басталады. Қаражат өтінімдердің түсуіне байланысты анықталады. Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді», - деді Ләззат Жылқыбаева. Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Бұл бір балаға айына 28 мың теңге. Сонымен қатар, тамақтану үшін 18 900 теңге қосымша субсидия тек қосымша орындар үшін берілетін болады.

***

Индонезияда апатқа ұшыраған Boeing ұшағы көкке көтерілген соң, ауаның қатты ағымына тап болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Осы елдің Метерология және климат жөніндегі агенттігінің басшысы Дэни Сэптиади осылай деп мәлімдеді. Ал тергеушілер ұшақ суға құлаған соң жарылған дейді. Қазір апат аймағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұшақтың алғашқы қаңқалары Джакарта портына жеткізілді. Оның ішінде әуе көлігінің қозғалтқышы, биіктікті өлшейтін радар, апатты жағдайға арналған парашют бар. Еске сала кетейік, өткен сенбі күні Джакартадан Понтианакқа ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы көкке көтерілген соң 4 минуттан кейін радардан жоғалып кетеді. Көп ұзамай, оның теңізге құлағаны анықталады. Апат кезінде ұшақ бортында 56 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың бәрі – жергілікті азаматтар.

***

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін. Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр. Биылғы Жаңа жыл мерекесі сала үшін әдеттегідей табысты болған жоқ. Репертуар бай емес, көрермен саны да бұрынғыдан анағұрлым аз. Киногерлер де өнімін жарыққа шығаруға асығар емес. Кіріс түспей қала ма деп қорқады. Биыл 15-ке тарта отандық фильм түсірілген екен. Шетелдік туындылар да күзде ғана көпшілікке ұсынылмақ. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кинозалдағы көрермен санын 50 процентке жеткізсе, премьералар да көбейер еді. Қазір елдегі кинотеатрлардың 70 проценті ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны нарықтан мүлде кеткен.