Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі

Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі

Бір сағаттан кейін, яғни сағат 10-да Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы басталады. Онда Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары айтылады. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес отырыс қашықтықтан өткізіледі. Жиынды ҚР ОСК-ның интернет-ресурсында онлайн көруге болады.

***

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осы айда шаһар жастарына 350 пәтер берілетінін айтты. «Тұрғын үй мәселесі - біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттардың бірі. Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін тағы 1050 пәтер беріледі. Осы пәтерлерде тұрып жатқан уақытта жастар аяққа тұрып, белгілі бір капитал жинап, өз баспаналарын сатып ала алады»,-деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

***

2020 жылдың наурызынан қарашаға дейінгі КВИ-ге қарсы күреске қатысқан Алматының 8 мың медициналық қызметкері тұрақты жалақыларына қосымша үстемақы алды. Оның мөлшері дәрігерлердің қандай аймақта жұмыс жасағанына байланысты болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, төлемдерді беру 3 тәуекел топтары бойынша жүзеге асырылды.

***

Түркістан облысы Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға сонымен қатар 12 пәтер мемлекеттiк қызметшi мен бюджеттiк ұйым қызметкерлерiне берілген. Сондай-ақ, Аудан аумағындағы 54 жол күрделі және орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде, 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

***

Павлодар облысында өткен жылы 150 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Тұрғындар жол қозғалысы ережелерін, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны, ұсақ бұзақылықтар, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін және т.б. с.с. жауапқа тартылды», деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров. Нәтижесінде Полиция қызметкерлері 1 млрд 368 млн теңге сомасында айыппұл салды, оның 1 млрд теңгесі өндірілді.

***

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бүгін Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Қостанай, ШҚО, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде және Орал қаласында тұман түседі. Қарағандыда жел соғады.