Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қаңтардан бастап қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды?

Қаңтардан бастап қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды?

18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарында қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді. «Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 619 861 студент бар. 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», - деді Мирас Дәуленов. Оның айтуынша осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды. «Нақтырақ айтқанда, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта өтеді. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады.

***

Екінші семестрден бастап Қазақстандағы техникалық және кәсіптік колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады. «Ауылды жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ ІІМ мен ҚМ жанындағы 14 колледждің студенттері оқу орындарында оқиды. Қалған колледждерде бірінші курс студенттері үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады», - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Оның айтуынша бірінші курс студенттері оқыту пәндерінің 70%-ын дәстүрлі форматта оқиды. Аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, 2, 3, 4 курс студенттері аралас форматта оқиды. Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша оқитын студенттер үшін сабақтар қашықтан, зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.

***

11 қаңтар күні Қазақстанға Швейцария, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 10 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, бір тәулікте барлығы 1 085 жолаушы ұшып келген. Олардың 922-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 163-інде анықтама болмаған, олардың барлығы да ҚР азаматтары. «Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта. Сондай-ақ 10 қаңтар күні анықтамасыз ұшып келген 372 жолаушының ПТР-тест нәтижесі дайын болған. Оған сәйкес, Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус инфекциясы анықталды.

***

Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тергеу изоляторы орналасқан УГ-157/1 мекемесі арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Қаламқас Әшірханның айтуынша, енді тергеу изоляторындағы азаматтар үшін туыстары онлайн-дүкеннен тапсырыс бере алады. Содан соң таңдаған тауарларының тізімін мекемеге жібереді. Мекемемен келісімшартқа отырған жеке кәсіпкер берілген тапсырысты орындап, тауар бірнеше сағаттың ішінде сотталған немесе күдікті ретінде отырған азаматтың қолына тиеді», -дейді Қаламқас Әшірхан.