Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сайлау қорытындысы бойынша партиялар Мәжілісте қанша мандат алды?

Сайлау қорытындысы бойынша партиялар Мәжілісте қанша мандат алды?

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол бойынша үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жариялады.

Сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясына заңда көрсетілген жеті пайыздық межені еңсерді.

ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.

Еске салайық, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді.