Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде мәслихат депуттары анықталады

Елімізде мәслихат депуттары анықталады

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды. Сайлау туралы заңға сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітілді. Тізбе Мәжілістің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Осылайша Парламенттің төменгі палатасындағы партия құрамы 70%-ке жаңарды. Депутаттардың орташа жасы - 49. Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, қалғандары Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Жаңа құрамның 40%-ті әйелдер мен жастар. Негізінен Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың өкілдері енді. Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12, Қазақстан Халық партиясында 10 мандат бар.

*** 

Елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депуттары анықталады. Сайлауға қатысқан бес партиядан 3258 үміткерге депутаттық мандат табысталады. Орталық комиссия төрағасы Берік Имашев аймақтық сайлау комиссиясының өкілдерін онлайн режимде тыңдады. Отырысқа әр партияның өкілдері жиналған. Жалпы бес партия 7700-ден аса кандидат ұсынған. Тізімнің көбі «Nur Otan» партиясынан болса, ең аз үміткер «Ауылдан» тіркелген.

***

Түркістан облысында карантиндік талаптарды бұзған тойханалар жабылады. Әзірге бес тойхананың жұмысын тоқтату туралы іс экономикалық сотқа жіберілді. Мейрамханалардың үшеуі Түркістанда, қалған екеуі Сарыағаш пен Мақтаарал ауданында орналасқан. Жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған 170 азаматқа айыппұл салынған. Үйде отбасылық жиындарды өткізіп, көкпар ұйымдастырғандарға жалпы сомасы 8 миллион 357 мың теңге айыппұл салынған.

***

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланды. Өңірдегі эпидахуалды қадағалау мақсатында Талдықорған қаласы Ескелді және Көксу аудандарында карантиндік шаралар күшейтіледі. Жаңа қаулыға сәйкес аталған елді мекендерде сауда-ойын сауық орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар жұмысын тоқтатады. Өңірде індетке шалдыққандардың 40 пайызы ковидті сауда орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.

***

Мәскеуде Таулы Қарабақ мәселесі бойынша үш жақты кездесу өтті. Оған Ресей, Әзірбайжан президенттері мен Армения премьер-министрі қатысты. Мемлекет басшылары жаңа шекараларды анықтау, жолдарды ашу және тұтқынға түскендермен алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар Қарабақ өңірін бірлесе дамытуды жоспарлап отыр. Айта кетсек, Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашиянан кездесуде бір-бірімен амандасқан жоқ.

***

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін. Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр. Биылғы Жаңа жыл мерекесі сала үшін әдеттегідей табысты болған жоқ. Репертуар бай емес, көрермен саны да бұрынғыдан анағұрлым аз. Киногерлер де өнімін жарыққа шығаруға асығар емес. Кіріс түспей қала ма деп қорқады. Биыл 15-ке тарта отандық фильм түсірілген екен. Шетелдік туындылар да күзде ғана көпшілікке ұсынылмақ. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кинозалдағы көрермен санын 50 процентке жеткізсе, премьералар да көбейер еді. Қазір елдегі кинотеатрлардың 70 проценті ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны нарықтан мүлде кеткен.