Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету – маңызды міндет

Ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету – маңызды міндет

Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Бұл туралы Сенаттың 2021 жылғы алғашқы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Отырыс барысында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген екі заң жобасы қаралып, қабылданды. Олардың бірінде ауыл тұрғындарына арналған су тарифін төмендету көзделіп отыр. «Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастамашылық жасаған заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын», - деді Мәулен Әшімбаев.

***

«СК-Фармация»-ның бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жуырда сотқа жіберіледі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты. «Бүгінде тергеу жұмыстары аяқталып, іс қаралып жатыр. Жақын күндері іспен танысу жұмысы да аяқталады. Содан соң іс сотқа жіберіледі», - деді А. Шпекбаев. Оның айтуынша, аталған ұйымның бұрынғы басшысына айып / қызметін асыра пайдаланғаны үшін тағылып отыр.

***

84 жастағы белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов коронавируспен ауырып қалды. Белгілі болғандай, ақынның жұбайы да қауіпті індет жұқтырған. Хабарланғандай олар коронавируспен ауыратын науқастар үшін бейімделген 70-ші разъездегі Алматы ауруханасына жатқызылған. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай науқастардың жағдайы жаман емес , олар жақында ауруханадан шығарылады. Айта кетейік қазір ел бойынша ауырғандар саны 165 311-ге жетті.

***

Нұр-Сұлтанда Халықаралық Түркі академиясында Түркі Мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарабақ туралы жаңа кітаптар таныстырылды. «Халықаралық Түркі академиясы Қарабақ мәселесінде әрдайым Әзербайжанның жанында болды, қолдады. Бүгін біздің ең үлкен тартуымыз – Қарабақ туралы альбом-кітап пен Әзербайжан Республикасының жүз жылдығына арналған кітап және Қарабақтың шынайы оқиғалары туралы әңгімелер жинағы жарық көрді. Оған өткен жылдан бері жыл бойы дайындық жүргіздік. Сапалы суреттер мен материалдарды жинастырдық.», - деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі .

***

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылында мұз айдыны ашылды. Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы ауыл жастарына 10 хоккей таяқшасы мен 10 коньки сыйлады. «Алдағы уақытта хоккей командасын ұйымдастыру және аудандық жарыстарға қатысу жоспарлануда. Балалармен қатар, ересектер де бос уақыттарын конькимен сырғанау, хоккей ойнау арқылы тиімді өткізе алады», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ Бородулиха ауданында «Зенковка» жастар хоккей клубының тәрбиеленушілеріне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан 27 коньки және басқа да ойын жабдықтары сыйға тартылды.

***

Атырауда қатты желден тұрғын үйлердің шатыры ұшты. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, бүлінген шатырлардың конструкцияларын нығайтқан. Көлік жолына түскен шатырларды жинақтап, тұрғындардың өміріне төнген қауіпті дереу жойған.