Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Джо Байденді ұлықтау рәсімі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

Джо Байденді ұлықтау рәсімі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнатақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты. «Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесі. Аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет. Біз өте маңызды, бірегей реформаны іске қостық, яғни зейнетақы активтерін ішінара алу мүмкіндігі берілді», - деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы түрлі тетіктер арқылы азаматтарға өздерінің жинақтарын басқару мүмкіндігін ұсыну керектігін айтты. «Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту тұжырымдамасын даярлап жатыр. Оны іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді қажет етеді», - деді Президент. 

***

Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға түсіру бастамасы көппартиялы плюрализмге жол ашады. Tarlan.kz интернет ресурсының бас редакторы Нұртай Нұрғали Президенттің VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзіне қатысты пікірін осылай деп білдірді. Оның айтуынша, Қ.Тоқаевтың президенттікке келуімен басталған саяси модернизация жалғасын таба бермек. Сарапшы Президент ұсынған баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы барлық көзқарастағы азаматтардың пікіріне құлақ асу екенін айтты. «Барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн» деді. Осы сөз ұнады. Бұл соңғы сайлауға келмей қалған 37 пайыз электораттың пікірін ескеру ғой деп ойлаймын. Осы және онлайн-петициялар институтын енгізу қоғамның барлық пікірін ескеру және «құлақ асатын мемлекет» концепциясының айқын көрінісі. Қоғамдық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру азаматтық жауапкершілікті күшейтеді және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді», - дейді маман.

***

АҚШ астанасында жаңа сайланған президент Джо Байденді ұлықтау рәсімі алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Салтанатты шара кезінде шаһардағы тәртіпті қадағалуға Ұлттық гвардияның 20 мың сарбазы жұмылдырылмақ. Бұл туралы шаһар билігі мәлім етті. Бүгін Вашингтонға 10 мыңдай жауынгер келуі тиіс. Капитолийге апаратын барлық жолдар мен қаладағы саябақтар жабылып, кей көрікті жерлер де жұмысын тоқтатады. Онашақты метро станциясын жабу қарастырылған. Конгресс ғимаратына тек қос палата мүшелері мен қауіпсіздік қызметі өкілдеріне ғана кіруге рұқсат. Вашингтонмен бірге елдің қалған штаттарының орталықтарында да қауіпсіздік күшейтілуде.

***

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. 2020 жылдың желтоқсан айында Польша спортшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғап шыққан қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) аталған санаттағы әлем чемпионы. Рейтингтің жаңа релизінде алғашқы екі орын бос тұр. GGG-мен жұдырықтасқанша тізімде үшінші орында болған Шеремета оныншы орынға сырғыды, ал оның орнын Германия өкілі Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) басқан. Головкиннің ықтимал қарсыласы, мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) тізімде содан кейін тұр. Атап өтейік, IBF әзірге Головкин мен Войцицкидің жекпе-жегін ресми түрде белгілеген жоқ. IBF-тің орта салмақтағы ТОП-15 рейтингінде сондай-ақ Қазақстанның тағы үш өкілі мен бір тумасы бар: Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) – 9-орын, Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) – 11-орын, ал Германия үшін рингке шығып жүрген Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) – 13 және Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 14-орын.