Буын ауруларының түрлері мен белгілері

«Бірінші байлық» хабарында «Балжан-мед» медициналық орталығының бас дәрігері және директоры Фарида Айдар қонақта болды.
Хабарда буын аурулары, оның түрлері, алғашқы белгілері, алдын-алу жолдары жайында айтылды. Фарида ханым буын ауруларын шөп дәрілермен, ине және нүкте массажы арқылы емдеп шығуға болатынын айтады. Ең бастысы, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, ауырған жағдайда ревматолог дәрігер көмегіне жүгіну керек екен.
Толық нұсқасын аудиожазбадан тыңдай аласыздар.
Жүргізуші: Ғ.Есқұлова.