Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 7-ақпанға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 7-ақпанға дейін ұзартылды

Қазақстанда өткен тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды. Өңірлер бойынша ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 235 адамнан, Павлодар аймағында 226, Ақмола облысында 209 адамнан індет расталды. Сондай ақ науқастар еліміздің барлық аймағында тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 175390 ға жетті. Оның 158647 сі жазылды. Күні кеше 1050 науқас вирустан емделіп шықты.

*****

 Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 7-ақпанға дейін ұзартылды. Аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысына сәйкес, өңірлің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы аумағына 2 санитарлық пост, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдары «Ауыл», «Үлбі», «Бақты», «Майқапшағай» тұстарына 4 санитартық пост орнатылады. Оның жұмысын Курчатов қаласының, Бесқарағай, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО-ның арнайы басқармалары қамтамасыз етуі тиіс», - делінген қаулыда.

*****

Қарағанды облысының мектептерінде коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты, Қарағанды қаласының Октябрь ауданы, Теміртау қаласы, Осакаров және Ақтоғай аудандарының аумақтарындағы 6 мектеп қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Сонымен қатар, сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелген және жақын байланыста болған адамдардың шектеулі тобы анықталған Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының және Абай ауданының 20 мектебінде ауырып қалған оқушылар оқитын сыныптар қашықтықтан білім алуға көшірілді. Эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыларға сәйкес аталған білім беру объектілерінде қорытынды дезинфекция ұйымдастырылды, жақын байланыстағылар арасында тексеру жүргізілді.

*****

Ақтөбеде жол ережесін бұзып, куәлігінен айырылған жүргізуші мектеп оқушыларын тасымалдаған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірде «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері «Ақтөбе-Орск» автожолында бір ауылдан екінші ауылдағы мектепке қатынап оқитын оқушылар автобусын тоқтатты. Құжат тексеру кезінде мектеп автобусы жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін 1 жыл 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» қоғамдық көлігінің тағы бір жүргізушісінің заңға бағынбағанын әшкереледі. Белгілі болғандай, өткен жылы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 2 күн бұрын басталған «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында 240 бұзушылық анықталды.

*****

Қазақстандық Қуат Хамитов Ресейде өткен аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінде ресейлік қарсыласы Максим Пантелеевті 51- ші секундта нокаутқа жіберді. Отандасымыз осылайша жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Максим Пантелеев кәсіпқой спорттағы екінші жеңілісін өткерді.