Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өткен жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды

Өткен жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды



Эпидемиологиялық ахуал бойынша елдің алты облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Бүгінгі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары қалды. Елдің өзге өңірлері «жасыл» аймақта.
*****
Бүгін арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 4 мыңнан астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. «Бүгін сағат 09:00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Содан бергі үш сағат ішінде 4 509 өтінім қабылданды. Қазіргі кезде өтінім қабылдайтын сайт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп жауап берді банк өкілі ҚазАқпараттың сауалына. Банк мәліметінше, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 65 мыңға тарта арнайы шот ашылды.
*****
Өткен жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, автоөнеркәсіп саласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 612,8 млрд теңгеге дейін өсті. Осы орайда жаңа автомобильдер нарығы 24 пайызға артты. Белгілі болғандай, Қазақстанда сатылған әрбір үш көліктің екеуі өз елімізде жасалған. Пандемияға байланысты туындаған барлық қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстанда өсім тоқтаған жоқ. Қазақстан АвтоБизнес Қауымдастығының мәліметінше, өткен жылы 22 136 Hyundai автокөлігі, 19 434 Chevrolet және Ravon, 15 848 Lada автомобилі өндірілді. Сондай-ақ Kia мен JAC алғашқы бестікке енді. Әрбір оныншы көлік экспортқа шығарылған.
*****
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр мемлекеттік қызметшілерге 622 тәртіптік жаза қолданылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметті бақылау мақсатында өткен жылы 19 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 183 олқылықтың беті ашылды. Олар конкурстарды өткізу рәсімдерін және өтініштерді қарау тәртібін сақтамауға қатысты. 13 адамның, соның ішінде 7 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Былтыр облыстың мемлекеттік қызметшілеріне 622 тәртіптік жаза қолданылды. Олар Әдеп кодексін бұзғаны үшін, теріс қылық жасағаны, қызметтік тәртіпті сақтамағаны және өзге заңнама нормаларын бұзуға байланысты жауапқа тартылды.
*****
 1 ақпаннан бастап Алматыда аналогтық жүйе арқылы хабар тарату тоқтатылады. Ал цифрлық жүйеге қосылмаған алматылықтар телеарнасыз қалуы мүмкін. Осы орайда мамандар қала тұрғындарына жаңа форматқа дайын болуға кеңес береді, деп хабарлады Almaty.tv. Цифрлық форматта теледидар тамашалау үшін ескі аналогтық жабдықтар жарамсыз. Ол үшін жаңа қабылдағыш пен антенна сатып алу керек. Ал, телеарналар үшін кабельдік операторға ақша төлемейсіз. Цифрлық қабылдағыш бір жиілікте 15 телеарнаға дейін хабар тарата алады. Сондай-ақ, заманауи желінің арқасында сапалы телевизиялық контент шалғайдағы қазақстандықтарға да қолжетімді болып отыр.