Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

“Қазақстан-2050 Стратегиясы” – мемлекет дамуының ұзақ мерзімді болжамын айқындайды — Қ. Келімбетов

“Қазақстан-2050 Стратегиясы” – мемлекет дамуының ұзақ мерзімді болжамын айқындайды — Қ. Келімбетов

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі негізгі мәселелер туралы баяндады.

Қ. Келімбетовтың айтуынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа тәсілдерді әзірлеу кезіндегі негізгі міндеттердің бірі оның тиімділігін күшейту болды.

«Ұсынылған жүйе аясында құжаттар саны едәуір қысқартылды, сондай-ақ нақты функциялар анықталды. Мәселен, бірінші деңгейдегі құжаттар елдің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі даму пайымын айқындайтын болады. “Қазақстан-2050 Стратегиясы” мемлекеттің дамуының ұзақ мерзімді болжамын айқындайтын еліміздің негізгі құжаты», — деді Қ. Келімбетов.

Осыған байланысты ұзақ мерзімді құжатты іске асыру үшін жалпыұлттық басымдықтар құралын енгізу ұсынылады, ол ел Президентінің «Қазақстан–2050» Стратегиясының болжамын неғұрлым қысқа аралықтарда (2025 жылға дейін, 2030 жылға дейін және т.б.) іске асыру үшін негізгі басымдықтарды біріктіретін және айқындайтын бірыңғай және инклюзивті платформасы болады.

Жалпыұлттық басымдықтар Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі неғұрлым ұзақ мерзімді мақсатты іске асыру мақсатында ел дамуының болжамын және мемлекеттік аппараттың түйінді басымдықтарын айқындайтын болады.


Дереккөз: primeminister.kz