Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастары маңызды рөл атқаратыны белгілі. Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай жер жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануы тиіс. Үкіметке биыл қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.