Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс

Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс

Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқамінерлерге осындай тапсырма берді.  

***

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Індет ілмегінен шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі қажет. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуді тапсырамын», - деп атап өтті.

***

АҚШ «Бір Қытай» және Тайваньға қатысты «үш қағида» принциптерін сақтауы тиіс. Қытайдың сыртқы істер министрілігі осындай мәлімдеме жасады. Бұған дейін Бейжің АҚШ Мемлекеттік департаментінен Тайваньға әскери, дипломатиялық және экономикалық қысым көрсетуді тоқтатуды сұраған. Global Times басылымының мәліметі бойынша өткен демалыс күндері Қытай күштері Тайвань аралының оңтүстік-батыс әуе кеңістігінде әскери оқу-жаттығу өткізген. АҚШ соңғы уақытта бұл аймақпен қарым-қатынасты күшейткен. Американың ресми өкілдері Тайбэйге сапарлап, қару-жарақ жеткізген. Ал биыл қаңтар айының басында Вашингтон Тайваньмен ынтымақтастық бойынша барлық ішкі шектеулерді алып тастап, алғаш рет осы аймақ өкілдерін президентті ұлықтау рәсіміне шақырды. Бейжіңнің Тайвань бойынша ұстанымы болса өзгеріссіз. Қытай бұл аймақты өз елінің бір бөлігі деп санайды. Сондықтан Бейжің Вашингтоннан Тайваньмен кез келген байланысты тоқтатуды сұрап отыр.

***

Жер бетінде мұздықтардың еру жылдамдығы қауіпті көрсеткіштерге жеткен. 1994-2017 жылдар аралығында 28 триллион тонна мұз еріп еткен. Мұның қаншалықты ауқымды екенін түсіндіру үшін мамандар мынадай салыстыру келтіреді. Айтуларынша, 28 триллион тонна бүкіл Ұлыбритания аумағын қалыңдығы 100 метр мұз басқанмен бірдей, - деп хабарлайды «Хабар 24».

***

Енді елордада «Қазақ радиосы» деп аталатын көше бар. Бүгіннен бастап бас шаһарда бірқатар көшенің атауы өзгерді. Қала әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» жоспары қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі атауы берілді.