Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 02.01.2021

Қорытынды жаңалықтар 02.01.2021

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары тураы баяндалды. Жоғарғы сот төрағасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес «мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді. Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

*****

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының порталы мен Отбасы банк порталына бүгінге дейін 80 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова айтты. « 50 519 өтініш иесі, қазір жеке кабинетіне кірсе, онда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры олрадың өтінішін қарауға қабылдағанын көре алады. Қарау мерзімі 3-күннен 5 күнге дейін созылады. 50 мың салымшы іс жүзінде бірінші кезеңнен өтті. Олардың өтініші арнайы шотқа ақша аудару сатысында тұр», - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Ол сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өтінімді қабылдағаны туралы статусты көрген азаматтар өзінің арнайы шотындағы соманы көре алатынын, ол үшін Тұрғын үй жинақ банкі мобильді қосымшасына кіруі керектігін ескертті. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай өтінім бергендердің статусына қатысты кеңрек жауап берді. 

«Отбасы банктің» басшысы Ләззат Ибрагимованың сөзінше Алматы – өтініші қанағаттандырылған және зейнетақы жинақтарының көлемі жағынан көшбасшы қала саналады. Шаһарда зейнетақы жинақтарын шешу құқығына ие 170 мыңнан астам адам бар. Бұл елордамен салыстырғанда екі есе көп. екінші орында тұрған ел астанасында зейнетақы жинақтарын 94 719 адам ала алады. Ал зейнетақы жинақтарын шеше алатындар саны бойынша ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысы тұр. Мұнда қаражатын тек 1224 адам пайдала алады екен.

*****

ШҚО-да шектеу шаралары 14 ақпанға дейін ұзартылды. Алматы облысы жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіру мен шығуды бақылау үшін қосымша 3 санитарлық бекет орнатылды. Діни бірлестік объектілерінде орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады. Мәдениет объектілеріне 30 адамнан аспайтын жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілген. Театрлар мен кинотеатрларға бір отбасы мүшелерін қоспағанда, шахматтық реттілікпен залда отыратын орындар саны 20%-дан асырмау керек. Сонымен қатар, қызметкерлердің кемінде 60%-ында қашықтықтан жұмыс істеу формасы сақталады.

*****

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 83 мұғалімнен коронавирус анықталды. Сондай -ақ 1 қаңтардан бері 139 оқушыдан вирус табылды. Аумақтық бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 28 мектепте 39 сынып карантинге жабылды. Коронавируспен ауырғандардың көпшілігі вирусты үйлерінде жұқтырған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес өңірде 8 мыңдай медицина қызметкері, 23 412 педагог, 39 605 студент, жүрек-қан тамырлары жүйесі және тыныс органдары ауруларымен диспансерде тұратын 100 мыңнан астам адам, екпе салдырады.

*****

Елордада 145 медициналық қызметкер коронавиурстық инфекцияға қарсы вакциналанды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлад. Екпені алғашқы болып қалалық ауруханалардың, қаланың жұқпалы аурулар орталығының медициналық қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері алды. «Вакцинациядан кейін ешбір жерім мазалаған жоқ. Екпе салдырған себебім, мен пациенттермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеймін», - деді фельдшер Ерсұлтан Үсенұлы. Елордада 6300 медициналық қызметкер КВИ инфекциясына қарсы вакцинациядан өтеді.

*****

Ақтөбе қаласында дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер вакцина қабылдады. Алғашқы күні 91 адамға екпе салынды. Өткен тәулікте Ақтөбе облысында 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі кезде қаладағы № 2, 3, 4 емханаларда, Отбасылық медицина орталығында, «қызыл» аймақта жүрген ақ халаттылар екпе қабылдап жатыр. Олар: инфекциялық, карантиндік стационар қызметкерлері, эпидемиологтар.

*****

Биыл елде халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Алғашқысы электронды негізде, ол үшін sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады. Ресми ресурстағы виртуалды көмекші арқылы құжаттар онлайн толтырылып, тиісті мәліметтер жинақталады. Ал екінші әдіс – дәстүрлі. Жауаптылар үй-үйді аралап, халық санағын 1-30 қазан аралығында жүргізеді. Қазір ұлттық санаққа қатысты іс-шаралар жоспары, мүдделі мемлекеттік органдарға және облыс әкімдіктеріне келісуге жіберілді.