Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәуелсіздік тарихы – 1991 жыл

Тәуелсіздік тарихы – 1991 жыл

1991 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті ретінде салтанатты түрде Ант қабалдады. Сол жылы 21 сайлау округі бойынша 9 миллион 961 мың 240 адам тіркелген болса, соның 8 миллион 788 мың 726-сы, яғни 88.23 пайызы сайлауға қатысқан. Сайлаудың нәтижесінде 8 миллион, 681 мың 270 адам Нұрсұлтан Назарбаевқа өз дауысын берген. Бұл сайлауға қатысқандардың 98.78 пайызы. Міне, 1991 жылы халқымыз осылайша алғаш рет өз қалауын жасаған болатын.

1991 жыл тек Қазақстанның тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында бет бұрысты белес болды. Өйткені дүние жүзінің алтыдан бір бөлігін қамтыған Кеңес одағы тоқырауға түсті. 

1991 жылы Қазақстан халқы сайлау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз болашағын сеніп тапсырды. Оның үстіне бұндай қадамның өзі шайқалып тұрған КСРО-ның тағдырына, Қазақ елінің Тәуелсіздігі туралы мәселелерде келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ түрлі жағдайлардың алдын алу үшін мемлекеттік құрылым бойынша жедел әрі жүйелі реформаларды іске асыруға Президенттің өкілеттігін нығайтқан болатын.

1991жылы 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей және Украина елдерінің басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды, бұның өзі КСРО-ның нақты құлағанын білдірді. Ал сол жылдың 21 желтоқсанында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. 

Рас, осыдан 30 жыл бұрын бодандықтың бозқыраулы көлеңкесінде ғұмыр кешкен халықтың бүгінгі сән-салтанатына әлем назары ерекше ауды. Ұлтжанды ұлтын төрге, өркенді ісін өрге жеткізген Елбасының кемеңгер көрегендігіне, сайыпқыран саясаткерлігіне, от ауызды шешендігіне қайран қалды. Дос сүйсінді, дұшпан күйінді. Өйткені, осы аз уақыт ішінде алынбайтын асуларды алдық, берілмес биіктерді бағындырдық.

Толығырақ аудионұсқада.