Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елде дизель бағасы арзандады

Елде дизель бағасы арзандады

Кейінгі бес жылда қазақстандықтардың депозиттегі жинағы 30 процентке өскен. Бірінші қаңтардағы есеп бойынша, жинақтағы қаржының жалпы сомасы 13,4 триллион теңге. Оның 3 тирллионнан астамы жеке тұлғалардың, 4,2 триллионы заңды тұлғалардың үлесінде. Бұл шетелдік салымшыларды қоспағандағы сома. Ұлттық банктің есебінше 2016 жылы депозиттегі жалпы сома 10,3 триллион теңге болған еді. Өңірлер бойынша айтсақ, депозитте қаржы жинайтындардың басым бөлігі алматылықтар. Салымшылар банктерде 5 жарым триллион теңге сақтап отыр. Одан кейін елордалықтар. 2,8 триллион теңге. Үштікке Қарағанды облысы кіреді.

*****

Елде дизель арзандады. Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда республикада бір литр дизельдің орташа құны 184 теңге. Былтырғы қаңтармен салыстырғанда 5 процентке арзан. Аязда қатпайтын дизельдің құны 10 процентке төмендеді. Оның литрі 248 теңге шамасында. Өңірлер бойынша айтсақ, дизель ең арзан өңір Орал. Мұнда литрі 175 теңге шамасында. Ал ең қымбаты Қостанайда. Бір литрін 188 теңгеден аласыз. Көктемгі егіс науқаны жақындап келе жатқанын ескерсек, алдағы уақытта дизельге сұраныс артуы мүмкін. Десе де үкімет облыстардың өтінімі бойынша 387 мың тонна жанармай дайындалғанын және оның бағасы нарықтан 15 процент төмен болатынын мәлімдеді.

*****

Қостанайлық полицей Амантай Байжанов автокөлік тізбегіне жол көрсету үшін боранда жүгіріп жүрді. Видео облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды. Кадр сыртындағы жүргізушінің сөзіне сенсек, тәртіп сақшысы қатты жел, қар мен суыққа қарамастан, 10 автокөліктен тұратын автотізбек жолынан адаспай қалаға жетуі үшін аянбай еңбек еткен. Жалпы полицей жол көрсетем деп шамамен екі шақырымды жүгіріп өткен. «Көліктің, автотізбектің алдына шығып, қалаға қалай жету керегін көрсетіп жүрген осындай полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қатты боран соғып тұр! Жол көрінбейді», - дейді ол. Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 ақпанда сағат 17:00-де құрамында Қостанай полиция басқармасының инспекторы, полиция лейтенанты Әмір Шалғымбаев пен полиция лейтенанты Амантай Байжанов бар Қостанай қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қостанай қаласына Федоровка жақтан кіретін Назарбаев көшесі бойындағы автокөліктерді алып жүру жөнінде шешім қабылдаған, өйткені қатты бораннан ештеңе көрінбей қалған. «Полиция лейтенанты Амантай Байжанов патрульдік көліктен шығып, Назарбаев көшесімен «Қостанай плаза» жаққа қарай қозғалып бара жатқан автотізбектің алдына шығып, жүгірген. Жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін автотізбектің соңында белгі беріп патрульдік көлік жүрді» деп пікір білдірді мекеменің баспасөз қызметі. Бұл - Амантай Байжановтың алғашқы қайсар әрекеті емес екен. 2020 жылдың сәуірінде ол әріптесімен бірге 15 адамды, оның ішінде 5 жасар баланы өрттен аман алып қалған. Амантай Байжанов полиция органдарында 2014 жылдың қаңтарынан бері қызмет етіп келеді.

*****

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды. Маркада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне ыстық жазылған. Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испаниялықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады», делінген хабарламада.