Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Димаш Құдайбергеннің есімі Марсқа жетті

Димаш Құдайбергеннің есімі Марсқа жетті

Қазақстанда «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Оған сәйкес, бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта жалғыз өзі тұрақтап қалған Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. Осылайша, «сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

*****

Бір күнде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 3 науқас қайтыс болды. Аталған кеселді 45 адам жұқтырған. 235 пациент емделіп шықты. 1 тамыздан бергі 48 932 адам пневмонияға шалдықса, 608 науқас көз жұмды. Ал жазылып шыққандардың саны 40 336 жетті.

*****

Ел тұрғындары зейнетақы жинағы қаражатына Қазақстандағы кез келген клиникада және стамотологиялық қызметтерді қоспағанда шет елдерде барлық қызметті ала алады. Бұл ретте келісімшарт жасалатын медициналық ұйымда аталған медициналық қызмет түрін көрсетуге арналған лицензиясы болуы тиіс. Ал, жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен азаматтар орфандық ауруларды емдеу, ел аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация), операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары, сондай-ақ мастэктомия, радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу, протонды терапия, офтальмологиялық қызметтер сияқты қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, аталған тізбе халықтың қажеттілігін ескере отырып, өзгеруі мүмкін.

*****

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты. Тест нәтижесімен ақылы бөлімге түсуге болады. Тіркелу бойынша ақпарат келесі аптада жарияланады!», - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында . Дегенмен орталық басшысы наурыз айындағы тестілеу ақылы екендігін айтады. Оған қатысу түлектің өз еркінде және құны 2 242 теңгені құрайды. «Ал грантқа түсу үшін компьютерлік ҰБТ сәуір-маусым аралығында өтеді. Сол тестілеу сертификатының біреуін шілдеде болатын конкурсқа жіберуге болады», - деді ол.

*****

Биыл Қазақтың билер сотының теңдесі жоқ институт екенін дәлелдеген ғалым, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай тұлғаның өмір жолына, қызметіне, ғылыми шығармашылығына арналған онлайн-көрме ашылды. Бұл туралы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің төрағасы Талғат Нәрікбаев «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері – қазіргі дәуірдің саяси және құқықтық ойының қайнар көзі» атты халықаралық онлайн-конференцияда айтты. Онлайн-жиынға қатысушылар Салық Зиманұлының тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуына сіңірген еңбегін атап өтті. 

*****
Димаш Құдайбергеннің есімі Марсқа жетті. Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, қызыл планетаға ол коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің құрметіне жасалған ескерткіш тақтаны, сондай-ақ NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған 3 кремний чипін жеткізді. АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі жанкүйерлер тақтайшаға қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін жазуды ұсынды. Perseverance – технологиялық жағынан ең дамыған робот және оны Марсқа NASA жіберіп отыр. Марсоходтың мақсаты – ежелгі өмірдің белгілерін іздеу және планетаның бетін зерттеу.